Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде қыздарды тыр жалаңаш шешіндірген Айжан Байзақова қамаудан босатылды. Атышулы бойжеткен Іnstagram желісіндегі жаңа парақшасында өзінен құтылмақ болғандарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде қыздарды тыр жалаңаш шешіндіргені үшін 3 күнге қамалған Айжан Байзақова қамаудан босатылып шығысымен, Іnstagram желісіндегі жаңа парақшасында жазба жариялап, өзін қорлағандарға жауап берді.
«Маған қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтамын. Ал менің көзімді жоймақ болғандарға айтарым: Мен мұны жайдан-жай қалдырмаймын», – деп жазды Байзақова.
Бойжеткеннің Іnstagram желісіндегі бұған дейінгі парақшасы бұғатталған еді. Оның айтуынша, 700 мың оқырманы бар бұрынғы парақшасы жалғасы табыс көзі болған.
Аталған жазбадан кейін желі қолданушыларының пікірі қақ бөлінді. Бойжеткенді даттағандар мен жақтағандар тағы да дауласа жөнелді.