jasqazaq.kz

Астананың бірнеше жеріне «жарылғыш зат» қойған адам ұсталды

25 желтоқсан 2017, 14:40

Астанада Жоғарғы соты және «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалына қойылған бомба туралы қоңырау түсіп, адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «12 сағат 16 минутта белгісіз адам хабарласып, «Нұрлы жол» теміржол вокзалына жарылғыш зат қойылғанын айтты.

Дәл сондай қоңырау 12 сағат 30 минутта қайталанып, Жоғарғы сот ғимаратында жарылғыш зат бар екенін хабарлаған. 13 сағат 30 минутта белгісіз адам «Назарбаев Университетіне» бомба бар деп хабарласты», — деп түсіндірді Астана ІІД баспасөз қызметі. Аталған хабарламалар бойынша азаматтардың қауіпсіздігі үшін барлық шара жүргізілді. «Көрсетілген орындарға барлық қызметтер аттанды. Оқиға орындарында жедел әрекет ету қызметтері жұмыс істеп жатыр», — деп атап өтті полицейлер. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісімен сұхбаттасқан ІІД баспасөз қызметінің өкілі күдіктінің ұсталғанын хабарлады. «Полицейлердің жедел әрекет етуі арқылы күдіктінің 25 жастағы ер адам екені анықталып, ұсталды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл бап қылмыскерді 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», — дейді ІІД өкілі.

 

Бүгін, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
Бүгін, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды