Гонконг тарихи музейінде өткен көрмеге Қазақстанның ең сирек және құнды жәдігерлері қойылды, деп жазады «Казахстанская правда» газеті.
Бұл шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Тәуелсіздік күні мен Астананың 20 жылдық мерейтойына орайластырып ұйымдастырды. «Жібек жолы бойындағы әлемдік мұра» тақырыбында өткен көрме Қазақстан, Қытай және Қырғызстаннан келген өкілдер қатысты. Ұлттық музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Жәкен Таймағамбетов көрмеге Ұлы жібек жолы бойындағы Есік, Берел, қорғандарынан табылған қазақстандық құнды жәдігерлер қойылған. Айта кетейік, бұған дейін Қазақ жерінен табылған «Алтын адам» алғаш рет шетелге шығарылғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. «Алтын адам» әлем музейлерін аралайды» деп аталатын халықаралық жобаның алдымен ат басын бұрған өңірі — Беларусь Республикасы.