jasqazaq.kz

Алматыда букмекерлік кеңсе тоналды (видео)

24 желтоқсан 2017, 12:10

Алматыда Гай Фокстың маскасын киген жігіттер букмекерлік кеңсені тонап кетті. Оқиғаның видеосын оқырмандардың бірі редакцияға жолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бейнебақылау камерасының жазбасына қарағанда, оқиға бүгін, таңғы сағат 04.30-да болған. Гай Фокстың маскасын киген үш жігіт, кеңсеге баса-көктеп кірген. Біреуінің қолында ағаш бар. Ал басқаларының қолында тапаншаға ұқсас зат болған. Олар ақшаны ала сала, оқиға болған жерден асығыс кетіп қалды. Кеңсе қызметкерлерінің ешқайсысы айтарлықтай зардап шекпегенін кадрдан көруге болады. Видеоны оқырмандар жолдады. Айта кетейік, желтоқсан айының басында Ақтөбе қаласындағы букмекерлік кеңсеге жасалған қарақшылық шабуылдың видеосы жарияланған еді. Ол кезде Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі 29 қарашада түнгі 3:30 шамасында букмекерлік кеңсеге белгісіз үш адамның баса көктеп кіргенін айтты. Олардың бірі бетперде киген, ал екеуі — көзі ғана ашылған баскиімде болған.

Бүгін, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
Бүгін, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды