jasqazaq.kz

Алматы облысында әкесі өртеп жіберген қыз қайтыс болды

23 желтоқсан 2017, 18:30

Алматы облысында әкесі өртеп жіберген қыз көз жұмды. Денесінің 90 пайызға жуығын күйік шалған Аружан осыдан үш күн бұрын Іле аудандық ауруханасына түскен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған жайтты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Динара Лұқпанова растады. «18 жастағы қыз бала бүгін таңертеңгі сағат жетілер шамасында қайтыс болды», деп мәлім етті ол. Естеріңізге сала кетейік, бұл оқиға Алматы облысында 20 желтоқсан күні болды. Таңғы сағат төрт шамасында Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылында 45 жастағы азамат өзін және екі бірдей баласын өртеп жіберген. Алдын ала болжам бойынша, әйелімен ажырасып кеткен күйеуі бұрынғы отбасына келіп, үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген. Сол сәтте бөлме өртке оранып екі баласы да қызыл жалынның ортасында қалған. 1973 жылғы азамат 12 жастағы ұлымен оқиға орнында тілге келместен көз жұмған. Ал 1999 жылғы қыз бала ауыр халде аурухана жеткізілген. 1973 жылғы азаматтың мұндай қадамға не итермелегені белгісіз. Оның 1971 жылғы бұрынғы әйелі дін аман. Қазір ҚР ҚК 99 бабы 2-ші тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жалғасуда.

Бүгін, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
Бүгін, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды