jasqazaq.kz

8 жыл бойы кішкентай қызды зорлап келген

27 желтоқсан 2017, 18:02

45 жастағы азамат сегіз жыл бойы кішкентай қызды зорлап келген. Төрт жасынан бастап қорлық көрген аруға педофил талай жылдар өткен соң Facebook желісінде хат жазады. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

АҚШ-тағы Арканзас штатының тұрғыны Ронни Линн Гипсон сегіз жыл бойы кішкентай қызды «ойнаймыз» деп алдап, зорлық көрсетіп жүрген. Жәбірленуші ол кезде төрт жаста болыпты.

Алайда өмірінің қорқынышты сәттерін құпияда ұстап келген ару жақында ғана педофилдің жазасын беру керек деп шешкен. Ол тәртіп сақшыларына Роннимен болған оқиға туралы айтып берді. Осыдан кейін полиция қыздан қылмыскерді ұстауға көмектесуін сұрайды.

Ол үшін Ронниді әлеуметтік желіден тауып, қыздың өзі бар өкпесін баяндап хат жолдайды. Ал қылмыскер бар болғаны «Көнесің енді, басқа ешнәрсені өзгерте алмайсың» деп жауап берген.

Полиция қызметкерлері Ронниді тұтқынға алғаннан кейін ол өзінің қылмысқа қатысы барын толық мойындады. Енді ол кем дегенде 25 жылға бас бостандығынан айырылады немесе өмір бойы түрмеге қамалады.

19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім
16 шiлде, 15:14
Түркістан: Сайрамда 32 отбасына пәтер кілті тапсырылды
16 шiлде, 14:52
Түркістан: Өндіріс орындарын көбейту - күн тәртібінде
16 шiлде, 14:40
Түркістан: Шетелдік туристер саны екі есе артты