jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды

14 қантар, 12:12
41

Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды

Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бәйдібек ауданындағы Боралдай тауының аймағында бәйшешек бүр жарды. Бұл туралы ақпаратты «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы КММ Боралдай филиалының қызметкері Бақытжан Қырықбай есімді тұрғын әлеуметтік желіге жариялады. Суреттерін орналастырып, көпшіліктен сүйінші сұрады.

Ал, пікір білдіруші оқырмандар бұл жаңалықты жақсылыққа балап отыр. Мәселен, Абай Жүндібаев есімді азамат, «Еліміз жаңа дәуірді бастағалы тұр. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды деген аңыздар енді келгелі тұр» — деп жазды.

Ал, Айгүл Шернияздан есімді желі қолданушысы дендросаябақта магнолия бүршік жарғанын жеткізді.

Жалпы тұрғындар мен желі қолданушылары елдегі қиын қыстау сәтте бәйшешектің бүр жарғанын жақсылыққа балап отыр.

Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды

21 қантар, 11:52
Тәрбие құралы Тик-Ток боп тұр
21 қантар, 11:45
Елдігімізді қадірлейік!
21 қантар, 11:11
Нұрғали Нүсіпжанов: Біздің заманымызда жастарымыздың патриоттығы ерекше еді
30 желтоқсан 2021, 20:07
“Құрманбектің Ақтотысы” (Видео)
24 желтоқсан 2021, 12:05
Айтылмаған әңгіме
24 желтоқсан 2021, 11:55
Желтоқсан ақиқаты мен ақтаңдақтары
24 желтоқсан 2021, 11:38
Желтоқсанды ойласам, өзегімді өрт қабады
24 желтоқсан 2021, 11:28
Дінмұхаммед Нұрлан: Тәуелсіз елде туғаныма мақтанамын!