jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Атырау облысында екі көлік соқғысып, 5 адам мерт болды

14 қантар, 15:09
67

Атырау облысында екі көлік соқғысып, 5 адам мерт болды

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік апаты бүгін, 14 қаңтар күні сағат 11:30 шамасында болған. «Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданына қатынайтын тас жолдың 15 шақырымында екі көлік соқтығысты. Оның бірі – Армения Республикасында тіркелген «Honda Odessey», ал, екіншісі – Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған «ВАЗ – 2115» автокөлігі. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ВАЗ – 2115» автокөлігінің 1996 жылғы жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Ал, екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы Жылыой ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Жол апатынан жарақат алған жолаушы ауруханада көз жұмды», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары басталды. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында есірткі жарнамалаған 17 сайт бұғатталғаны хабарланған болатын .

21 қантар, 11:52
Тәрбие құралы Тик-Ток боп тұр
21 қантар, 11:45
Елдігімізді қадірлейік!
21 қантар, 11:11
Нұрғали Нүсіпжанов: Біздің заманымызда жастарымыздың патриоттығы ерекше еді
30 желтоқсан 2021, 20:07
“Құрманбектің Ақтотысы” (Видео)
24 желтоқсан 2021, 12:05
Айтылмаған әңгіме
24 желтоқсан 2021, 11:55
Желтоқсан ақиқаты мен ақтаңдақтары
24 желтоқсан 2021, 11:38
Желтоқсанды ойласам, өзегімді өрт қабады
24 желтоқсан 2021, 11:28
Дінмұхаммед Нұрлан: Тәуелсіз елде туғаныма мақтанамын!