jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматыда балабақшалар жұмысын қашан бастайды?

14 қантар, 12:20
37

Алматыда балабақшалар жұмысын қашан бастайды?

Алматының білім беру ұйымдары үшінші оқу тоқсанының басталуына қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы онлайн брифингте қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, 5 қаңтардан бастап қаладағы қалыптасқан жағдай мен қабылданған қауіпсіздік шараларына байланысты мектепке дейінгі 860 ұйымның жұмысы уақытша тоқтатылған. Оларда 71 мыңнан астам бала тәрбие, білім алады.

«Төтенше жағдай режимі аяқталған соң, 20 қаңтардан бастап балабақшалар өз жұмысын бастайды.

Бұл ретте қаладағы эпидемиологиялық жағдай міндетті түрде ескерілетін болады, сондықтан балабақшалар кезекші топ режимінде жұмыс істеуі мүмкін.

Біз ата-аналар мен барлық қызметкерлерді мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс тәртібі туралы қосымша хабардар етеміз», — деді білім басқармасының басшысы.

ҚазАқпарат

21 қантар, 11:52
Тәрбие құралы Тик-Ток боп тұр
21 қантар, 11:45
Елдігімізді қадірлейік!
21 қантар, 11:11
Нұрғали Нүсіпжанов: Біздің заманымызда жастарымыздың патриоттығы ерекше еді
30 желтоқсан 2021, 20:07
“Құрманбектің Ақтотысы” (Видео)
24 желтоқсан 2021, 12:05
Айтылмаған әңгіме
24 желтоқсан 2021, 11:55
Желтоқсан ақиқаты мен ақтаңдақтары
24 желтоқсан 2021, 11:38
Желтоқсанды ойласам, өзегімді өрт қабады
24 желтоқсан 2021, 11:28
Дінмұхаммед Нұрлан: Тәуелсіз елде туғаныма мақтанамын!