jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

21 жастағы қыз өндіріс орнында күйіп қалды

14 қантар, 12:01
24

21 жастағы қыз өндіріс орнында күйіп қалды

Ақмола облысындағы жергілікті кәсіпорындардың бірінде қызметкері, 21 жастағы қыз күйіп қалды, полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы  облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Биылғы жылғы 11 қаңтарда Степногор қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне қалалық ауруханадан «2-3 дәрежелі күйік, жоғары тыныс жолдарының термиялық күйігі, 1 дәрежелі травматологиялық шок» диагнозы бар науқастың жеткізілгендігі туралы хабар түсті. Анықталғандай, жергілікті кәсіпорындардың бірінің жұмысшысы, 2001 жылы туған қыз, герметизациядан кейін цех бөлмесіндегі бу құбырынан талдау алу кезінде дене жарақатын алған», — деді ведомстводан.

Ведомствоның баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде Степногор қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі осы оқиғаға бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы 1-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын қолға алды.

21 қантар, 11:52
Тәрбие құралы Тик-Ток боп тұр
21 қантар, 11:45
Елдігімізді қадірлейік!
21 қантар, 11:11
Нұрғали Нүсіпжанов: Біздің заманымызда жастарымыздың патриоттығы ерекше еді
30 желтоқсан 2021, 20:07
“Құрманбектің Ақтотысы” (Видео)
24 желтоқсан 2021, 12:05
Айтылмаған әңгіме
24 желтоқсан 2021, 11:55
Желтоқсан ақиқаты мен ақтаңдақтары
24 желтоқсан 2021, 11:38
Желтоқсанды ойласам, өзегімді өрт қабады
24 желтоқсан 2021, 11:28
Дінмұхаммед Нұрлан: Тәуелсіз елде туғаныма мақтанамын!