jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бүгін ҰҚШҰ Қазақстаннан бітімгерлерді шығаруды бастайды

13 қантар, 10:17
29

Бүгін ҰҚШҰ Қазақстаннан бітімгерлерді шығаруды бастайды

Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Қазақстаннан бітімгерлерді шығаруды бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы трагедиясы Telegram каналына сілтеме жасап.

«Ұйымның Бас хатшысы Станислав Зась 10 күн ішінде ұйым контингенті Қазақстаннан түгелдей кететінін мәлім етті. Бітімгерлердің жалпы саны 2500 адам», -делінген хабарламада.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтар күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жұмысына ерекше тоқталып өткен болатын.

«Бұл ұйым ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. Қазақстан – оның толыққанды құрылтайшысының бірі. Осы ұйымның барлық мүшелерінен жасақталған бітімгершілік контингенті Қазақстанға уақытша мерзімге ғана келді. Оған жүктелген міндеттер нақты айқындалған. Бұл – стратегиялық нысандарды күзету және ақыл-кеңес беріп, қолдау көрсету. Лаңкестерге қарсы операцияны толығымен Қазақстанның күштік құрылымдары жүзеге асыруда. Шын мәнінде, солардың жанкешті іс-әрекетінің арқасында төңкеріске жол берілген жоқ»,-деді Президент.

21 қантар, 11:52
Тәрбие құралы Тик-Ток боп тұр
21 қантар, 11:45
Елдігімізді қадірлейік!
21 қантар, 11:11
Нұрғали Нүсіпжанов: Біздің заманымызда жастарымыздың патриоттығы ерекше еді
30 желтоқсан 2021, 20:07
“Құрманбектің Ақтотысы” (Видео)
24 желтоқсан 2021, 12:05
Айтылмаған әңгіме
24 желтоқсан 2021, 11:55
Желтоқсан ақиқаты мен ақтаңдақтары
24 желтоқсан 2021, 11:38
Желтоқсанды ойласам, өзегімді өрт қабады
24 желтоқсан 2021, 11:28
Дінмұхаммед Нұрлан: Тәуелсіз елде туғаныма мақтанамын!