jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша автокөлік бүлінді?

13 қантар, 18:42
141

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша автокөлік бүлінді?

Алматы қаласы Құтқару қызметінің директоры Бейсеғали Жүнісов жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша көлік бүлінгенін айтты.

Спикердің сөзінше, зақымданған барлық көлік айыптұрағына жеткізілді. «Біздің қызметкерлер қаңтардың 5-нен бастап айыптұрағына қалада бүлінген көліктерді әкеп жатыр. Бүгінгі күнге дейін қала көшелерінен 140 бүлінген машина жеткізілді, оның ішінде мемлекеттік және жекеменшік көлік те бар. Оның 47-і өртенген, 48-не оқ атылған. Оған қоса тоналған көліктер бар», — деді ол.

Оның айтуынша, көліктер негізінен Төле би, Райымбек, Абай, Назарбаев, Желтоқсан, Сәтбаев көшелері бойынан және Саин даңғылындағы көпір үстінен жеткізілді. Бұл көліктердің барлығы жарамсыз. Жөндеуге келмейді.

ҚазАқпарат

21 қантар, 11:52
Тәрбие құралы Тик-Ток боп тұр
21 қантар, 11:45
Елдігімізді қадірлейік!
21 қантар, 11:11
Нұрғали Нүсіпжанов: Біздің заманымызда жастарымыздың патриоттығы ерекше еді
30 желтоқсан 2021, 20:07
“Құрманбектің Ақтотысы” (Видео)
24 желтоқсан 2021, 12:05
Айтылмаған әңгіме
24 желтоқсан 2021, 11:55
Желтоқсан ақиқаты мен ақтаңдақтары
24 желтоқсан 2021, 11:38
Желтоқсанды ойласам, өзегімді өрт қабады
24 желтоқсан 2021, 11:28
Дінмұхаммед Нұрлан: Тәуелсіз елде туғаныма мақтанамын!