jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жеткіншектер жеңіспен оралды

03 желтоқсан 2021, 13:02
253

Жеткіншектер жеңіспен оралды

Соңғы жылдары эстетикалық гимнастика деген спорт түріне қызығушылардың саны күн санап артып келеді. Балалар кез келген жастан қатыса алатын эстетикалық гимнастиканы көзтартар ерекшелігіне қарай «кілем үстіндегі синхронды жүзу» деп те айдар тағып, бәсін биіктетеді. Командалық спорт түрі болғандықтан, гимнасшылардың тыныс алуы, кірпік қағысы, ым-ишарасы да бір мезетте болуы бағаланады.

Жеткіншектер жеңіспен оралды

Жуырда командалық рух пен ынтымаққа баулитын эстетикалық гимнастикадан әлем чемпионаты және әлем кубогы өтті. Финляндияның астанасы Хельсинки қаласында өткен әлемдік додаға Қазақстан эстетикалық гимнастика федерациясына қарасты клубтағы талантты гимнасшылар қатысты. 8-10, 10-12, 14-16 жас шамасы бойынша топқа түскен жеткіншектеріміз жүлдемен оралды. Алматы қаласындағы «Tamos», «Bravo» көркем гимнастика мектебінің шәкірттерін аға бапкер Жаннэт Жабоева мен хореограф Мәдина Досқожаева бастап барды. 8-10 жас аралығындағы жеткіншектер сайысында «Олимпия» клубының спортшылары әлем кубогының иегері атанды. 10-12 және 14-16 жас мөлшері бойынша өткен әлемдік сайыста «Даймонс» пен «Санрайс» клубының гимнасшыларына 4-орын бұйырды.

Қазақ елінің көркем гимнасшылары аренада өнер көрсеткенде спорт кешеніндегі халықтың қошемет, құрметі ерекше болды.

Жеткіншектер жеңіспен оралды

Әлем кубогы мен дүниежүзілік чемпионатты ұйымдастырушылар жас спортшыларды Хельсинки қаласынан 1100 шақырым шалғай жатқан Рованиеми шаһарына, Санта-Клаустың отанына сапарлатты. Бір күндік серуенде балалар Аяз атаға арман-тілектерін жазып қалдырды. Ертегілер әлеміне саяхаттап, серпіліп қайтты.

Рәсима Әкімбекова,
Алматы – Хельсинки – Алматы

21 қантар, 11:52
Тәрбие құралы Тик-Ток боп тұр
21 қантар, 11:45
Елдігімізді қадірлейік!
21 қантар, 11:11
Нұрғали Нүсіпжанов: Біздің заманымызда жастарымыздың патриоттығы ерекше еді
30 желтоқсан 2021, 20:07
“Құрманбектің Ақтотысы” (Видео)
24 желтоқсан 2021, 12:05
Айтылмаған әңгіме
24 желтоқсан 2021, 11:55
Желтоқсан ақиқаты мен ақтаңдақтары
24 желтоқсан 2021, 11:38
Желтоқсанды ойласам, өзегімді өрт қабады
24 желтоқсан 2021, 11:28
Дінмұхаммед Нұрлан: Тәуелсіз елде туғаныма мақтанамын!