jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Садыр Жапаров депутаттардың жалақысын қысқартты

02 желтоқсан 2021, 17:20
78

Садыр Жапаров депутаттардың жалақысын қысқартты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жарлығымен парламент депутаттарының жалақысын қысқартып, оларды қызметтік автокөліктерден айырды.

«Республикалық бюджет шығыстарын оңтайландыру, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығы бойынша Жогорку Кенеш депутаттарын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту бойынша қажетті шаралар қабылданды.

ҚР Президентінің сайтында хабарланғандай, жарлық аясында парламентшілердің лауазымдық жалақылары азайтылды.

Жогорку Кенештің лауазымдық жалақысы 30 мың сом мөлшерінде белгіленді;
Жогорку Кенеш төрағасының орынбасарлары – 27 мың сом:
Депутаттық фракциялардың көшбасшылары мен комитет төрағалары – 26 мың сом:
Депутаттар – 25 мың сом.

Жарлықта бюджет саласындағы жағдайды жақсарту тетігі бар. Бұл ретте іс жүзінде ешқандай қаражат жұмсалмайды.

«Механизмді «мемлекет өз қаражаты бойынша өмір сүруге тиіс» деген жалпыға мәлім қағидат арқылы сипаттауға болады. Басқаша айтқанда – мемлекеттік аппаратты ұстауға арналған мемлекеттік бюджеттің шығыстарын үнемдеу. Механизм әрдайым күрделі экономикалық реформалар кезінде әртүрлі елдерде сәтті қолданылды. «Қаражатпен өмір сүру» ұранымен Балтық, Шығыс және Орталық Еуропа елдерінде (Эстония, Латвия, Польша, Чехия, Венгрия) мемлекеттік басқару реформалары сәтті жүргізілді» делінген президент баспасөзінің хабарламасында.

Сондай-ақ республикалық бюджеттен шығыстарды ретке келтіру үшін негізгі шараларды іске асыру көзделеді. Мысалы, бұрын Жогорку Кенеш депутаттарына тұрғын үйге өтемақы төленген. Енді өтемақылар мен қызметтік автокөліктер алынып тасталды. Ал қолданыстағы қызметтік пәтерлер тұрғын үйі жоқ парламент депутаттарының арасында бөлінетін болады.

Орда.кз

21 қантар, 11:52
Тәрбие құралы Тик-Ток боп тұр
21 қантар, 11:45
Елдігімізді қадірлейік!
21 қантар, 11:11
Нұрғали Нүсіпжанов: Біздің заманымызда жастарымыздың патриоттығы ерекше еді
30 желтоқсан 2021, 20:07
“Құрманбектің Ақтотысы” (Видео)
24 желтоқсан 2021, 12:05
Айтылмаған әңгіме
24 желтоқсан 2021, 11:55
Желтоқсан ақиқаты мен ақтаңдақтары
24 желтоқсан 2021, 11:38
Желтоқсанды ойласам, өзегімді өрт қабады
24 желтоқсан 2021, 11:28
Дінмұхаммед Нұрлан: Тәуелсіз елде туғаныма мақтанамын!