jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

“Ресейден көлік әкеліп беремін: қарағандылық алаяқ Шымкент тұрғынын алдап кетті

02 желтоқсан 2021, 14:59
141

“Ресейден көлік әкеліп беремін: қарағандылық алаяқ Шымкент тұрғынын алдап кетті

Қарағандылық алаяқ Ресейден көлік әкеліп беремін деп шымкенттікті 150 мың теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Абай ауданы Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған. Арызданушының айтуынша, танысы Ресейден автөкөлікті арзан бағамен әкеліп беремін деп алдаған. Тұрғынды әбден сендіріп, 150 мың теңгесін иемденген. Алайда арада уақыт өте не көлік әкеліп бермеген, не ақшасын қайтармаған. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, Қарағанды қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді. Ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоқтығы анықталуда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

21 қантар, 11:52
Тәрбие құралы Тик-Ток боп тұр
21 қантар, 11:45
Елдігімізді қадірлейік!
21 қантар, 11:11
Нұрғали Нүсіпжанов: Біздің заманымызда жастарымыздың патриоттығы ерекше еді
30 желтоқсан 2021, 20:07
“Құрманбектің Ақтотысы” (Видео)
24 желтоқсан 2021, 12:05
Айтылмаған әңгіме
24 желтоқсан 2021, 11:55
Желтоқсан ақиқаты мен ақтаңдақтары
24 желтоқсан 2021, 11:38
Желтоқсанды ойласам, өзегімді өрт қабады
24 желтоқсан 2021, 11:28
Дінмұхаммед Нұрлан: Тәуелсіз елде туғаныма мақтанамын!