jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Нұр-Сұлтанда жеңіл жүрісті қыздардың притоны анықталды

02 желтоқсан 2021, 17:03
100

Нұр-Сұлтанда жеңіл жүрісті қыздардың притоны анықталды

Нұр-Сұлтан қаласында адам саудасына қатысты қылмыстардың жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған «STOP трафик» атты жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шара басталғаннан бері полицейлер 46 адамды анықтап, мамандандырылған есепке қойды, жезөкшелікпен айналысуға немесе жеңгетайлыққа әдейі үй-жай бергені үшін 4 азаматқа айыппұл салынды, ал 29 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Полиция қызметкерлері жеңгетайлықпен айналысқан 40 жастағы азаматшаны ұстады. Массаж салонының астында әйел жезөкшелікпен айналысатын қыздарды ұстаған және ұйымдастырған. Ол өзінің теріс ниетімен ақша үшін қыздарды клиенттермен интимдік қатынасқа итермелеген. Сонымен қатар осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 23 жастағы сауна әкімшісі де ұсталды. Тінту барысында ақша мен заттай дәлелдемелер алынды.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — делінген ПД хабарламасында.

Аталған іс-шараны өткізу барысында полиция қызметкерлері тарапынан жеңгетайлық пен притон ұстаушылардың 10 фактісі анықталды.

21 қантар, 11:52
Тәрбие құралы Тик-Ток боп тұр
21 қантар, 11:45
Елдігімізді қадірлейік!
21 қантар, 11:11
Нұрғали Нүсіпжанов: Біздің заманымызда жастарымыздың патриоттығы ерекше еді
30 желтоқсан 2021, 20:07
“Құрманбектің Ақтотысы” (Видео)
24 желтоқсан 2021, 12:05
Айтылмаған әңгіме
24 желтоқсан 2021, 11:55
Желтоқсан ақиқаты мен ақтаңдақтары
24 желтоқсан 2021, 11:38
Желтоқсанды ойласам, өзегімді өрт қабады
24 желтоқсан 2021, 11:28
Дінмұхаммед Нұрлан: Тәуелсіз елде туғаныма мақтанамын!