jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Барлығына арналған тегін секциялар. Ақтөбе облысында 1800 шаршы метр спорт кешені ашылды

02 желтоқсан 2021, 16:11
15

Барлығына арналған тегін секциялар. Ақтөбе облысында 1800 шаршы метр спорт кешені ашылды

Ақтөбе облысында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау үшін заманауи көпфункционалды спорт кешені ашылды. Ол Мұғалжар ауданының Ембі қаласында жұмыс істейді.

Кешеннің жалпы ауданы шамамен 1800 шаршы метрді құрайды және оған шағын футбол, волейбол, баскетбол және теннис алаңдары, күрес кілемі, бокс рингі және екі жолақты жүгіру жолдары кіреді. Сондай-ақ, қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін шешінетін бөлмелер мен жанкүйерлердің жылжымалы трибуналары орнатылды.

Барлығына арналған тегін секциялар. Ақтөбе облысында 1800 шаршы метр спорт кешені ашылды

Сондай-ақ, кешен барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған: волейбол, шағын футбол, баскетбол доптары, теннис ракеткалары және шарлар.

Кешен ауа райына қарамастан жыл бойы жұмыс істейтін болады. Орталық анкерлік жүйенің көмегімен негізге бекітілген екі қабатты ауа өткізбейтін мембранамен жабылған. Бұл дизайн қыста жылуды және жазда салқындықты сақтауға мүмкіндік береді.

Кешеннің ашылуы ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған.

Барлығына арналған тегін секциялар. Ақтөбе облысында 1800 шаршы метр спорт кешені ашылды

«Құрметті Мұғалжар ауданының тұрғындары! Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тұңғыш Президентімізге, сіздерге және жақындарыңызға амандық, зор денсаулық және бақыт тілеймін! Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы дамып, нығайып, гүлдене берсін! Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын! Бүгінгі іс — шараға қатысушыларға шын жүректен сәттілік және табыс тілеймін. Сіздерге жаңа рекордтар мен лайықты марапаттар тілеймін, спорт денсаулығыңызды нығайтып, қуаныш пен қанағат, өзіңізге деген сенім мен бақыт сыйласын», — деді Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров.

Барлығына арналған тегін секциялар. Ақтөбе облысында 1800 шаршы метр спорт кешені ашылды

Спорт кешені «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен ашылды.
«Бұл біздің ауқымды жобамызға бастау болатын алғашқы іс-шара. 2022 жылға дейін оба аясында 11 өңірде осындай спорт кешендерінің ашылуы жоспарлануда. Бұл бастама кем дегенде 35 мың адамды қамтитын болады. Біз Қорымыз елімізде бұқаралық спортты дамытуға үлкен көңіл бөледі. Біз қазақстандықтардың спорттық ұлт бола алатынына және жаңа спорт кешендері барлық азаматтар үшін қолайлы орталыққа айналатынына сенімдіміз. Мүмкін дәл осы жерде болашақ олимпиада жүлдегерлері мен әлем чемпиондары тәрбиеленетін шығар», — өз сөзінде «Samruk-Kazyna Trust» Қорының Бас директорының орынбасары Сергожа Қалиасқаров атап өтті.

21 қантар, 11:52
Тәрбие құралы Тик-Ток боп тұр
21 қантар, 11:45
Елдігімізді қадірлейік!
21 қантар, 11:11
Нұрғали Нүсіпжанов: Біздің заманымызда жастарымыздың патриоттығы ерекше еді
30 желтоқсан 2021, 20:07
“Құрманбектің Ақтотысы” (Видео)
24 желтоқсан 2021, 12:05
Айтылмаған әңгіме
24 желтоқсан 2021, 11:55
Желтоқсан ақиқаты мен ақтаңдақтары
24 желтоқсан 2021, 11:38
Желтоқсанды ойласам, өзегімді өрт қабады
24 желтоқсан 2021, 11:28
Дінмұхаммед Нұрлан: Тәуелсіз елде туғаныма мақтанамын!