jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматыда 5G желісі пилоттық режимде іске қосылып жатыр

02 желтоқсан 2021, 17:59
27

Алматыда 5G желісі пилоттық режимде іске қосылып жатыр

Алматыда 3 оператор пилоттық режимде 5G желісін қосты. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спикердің сөзінше, 5G желісін елімізде қызмет көрсететін 3 оператор адамдар көп жиналатын жерге орнатты.

«Қазір Көктөбе, Шымбұлақ, Медеу, Каусар-Плаза және Смарт-Пойнт нүктесінде пилоттық режимде 5G желі іске қосылды. Технологияның өте жылдам дамуына байланысты біз осы 5G желісіне басымдық беріп отырмыз. Өйткені ол аз уақыттың ішінде анағұрлым көп мағлұматты бере алады. Сонымен қатар, бұл желі кешкі уақытта телефоннан сериал көруге, жақындарымызбен видео арқылы сөйлесуге мүмкіндік береді»,- деді Баян Қоңырбаев.

Сонымен қатар, ол 5G желісін қосуда қалаға ешқандай шығын келмейтінін атап өтті. Оны операторлар өздері орнатып жатыр.

21 қантар, 11:52
Тәрбие құралы Тик-Ток боп тұр
21 қантар, 11:45
Елдігімізді қадірлейік!
21 қантар, 11:11
Нұрғали Нүсіпжанов: Біздің заманымызда жастарымыздың патриоттығы ерекше еді
30 желтоқсан 2021, 20:07
“Құрманбектің Ақтотысы” (Видео)
24 желтоқсан 2021, 12:05
Айтылмаған әңгіме
24 желтоқсан 2021, 11:55
Желтоқсан ақиқаты мен ақтаңдақтары
24 желтоқсан 2021, 11:38
Желтоқсанды ойласам, өзегімді өрт қабады
24 желтоқсан 2021, 11:28
Дінмұхаммед Нұрлан: Тәуелсіз елде туғаныма мақтанамын!