jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматыдағы жеңіл рельсті көлік желісі қай жерлерден өтеді?

25 қараша, 16:12
14

Алматыдағы жеңіл рельсті көлік желісі қай жерлерден өтеді?

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов брифинг барысында мегаполистегі жеңіл рельсті көлік желісінің (LRT) құрылысы туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Серік Құсайынов Талғардың жоғарғы тас жолы бойымен LRT желісін салу жоспарланып отырғанын айтты. Жоба жеке инвестор есебінен жүзеге асырылады. «Қазір инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алдын ала ойластырған бағыт бойынша LRT Төле би көшесі бойына түседі. Өздеріңіз білесіздер кеңес кезінде бұл көшеде трамвай желісі болған еді. Енді батыстан шығысқа қарай жолаушылар ағынын бір ретке келтіріп, оны пайдалануға дайынбыз. Ол Момышұлы көшесімен ғана емес, Алатау ауданының орталығына дейін түсуі керек», — дейді ол. Қазіргі уақытта инвестор техникалық-экономикалық негіздемемен айналысып жатыр.

03 желтоқсан, 13:02
Жеткіншектер жеңіспен оралды
03 желтоқсан, 12:56
Даланың баласы, Таудың жиені болып өстім
03 желтоқсан, 12:49
Құсбегілік – табыс көзі емес, ұлттық өнер!
03 желтоқсан, 12:38
Ғаламаттың ғажап күйі
19 қараша, 11:32
Таскөмірдің жыры
19 қараша, 11:29
Көмір. Алыпсатардың араны ашылған кез
12 қараша, 14:19
Вирус не жұғады, не жұқпайды
12 қараша, 14:14
Саны көп субсидияны қысқартпай, іс оңға баспайды