jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматыда өткен форумда темір жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі көтерілді

25 қараша, 18:53
68

Алматыда өткен форумда темір жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі көтерілді

Пойызға және инфрақұрылым нысандарына технологиялық қызмет көрсету сапасының нашарлығы мен көлікті нұсқау бойынша дұрыс пайдаланбау — темір жол тасымалында түрлі оқыс оқиғаларға әкеп соқтырады. Оның сыртында жұмыскерлердің еңбек тәртібін сақтай бермейтіні де бар. Статистикаға сүйенсек, магистральдық жолдардағы жағдайлардың 85%-ы Қазақстан және өзге де елдердегі пойыз құрамын жөндеумен айналысатын тиісті кәсіпорындардың салғырттығынан болып отыр. Темір жол көлігін жөндеу барысында технологияны сақтамай, контрафактілік немесе сапасыз бөлшектерді пайдаланатындарға тосқауыл қою үшін «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ тапсырыс беруші ретінде Қазақстандағы жөндеу кәсіпорындарына тексеру жүргізіп жатыр. Аудит нәтижелері бойынша бірнеше жөндеу кәсіпорындарының жұмысы уақытша тоқтатылды да. Енді олар талапқа сәйкес келмейтін қызмет түрлерін тез арада ретке келтіруі тиіс. Алматыда өткен «Логистика, көлік және білім берудегі инновациялық технологиялар » халықаралық конгресі шеңберінде Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік және цифрландыру жөніндегі Еуразиялық форумда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қауіпсіздік жөніндегі директоры Марат Шәкенов осы мәселені тілге тиек етті. Оның сөзіне қарағанда қозғалыс қауіпсіздігіне қолайсыз ауа-райы, теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғалары, жолда бөгде заттардың кесе-көлденең жатуы да кесірін тигізеді.

Алматыда өткен форумда темір жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі көтерілді

«Дей тұрғанмен, соңғы жылдары қауіпсіздік көрсеткіштерінің оңала бастағаны байқалады. Жыл басынан бері компания бойынша ереже бұзу фактілерінің жалпы саны 17,5% — ға азайды. Оған қауіпсіздікті басқару жүйесін автоматтандыру, «қозғалыс қауіпсіздігі мәдениетінің» деңгейін арттыру есебінен қол жеткізілді», — деді Марат Шәкенов.
«КТЖ» ҰК» АҚ, «Транстелеком» АҚ, Логистика және көлік академиясы ұйымдастырған форумға қатысқан ғалымдар мен сарапшылар қоғамдастығы, Орталық Азия мен ТМД білім беру және жобалау ұйымдарының өкілдері де ойларын ортаға салды. Әсіресе, шойын жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүйені цифрландыру және автоматизациялау, тасымал кезінде апатты жағдайлардан сақтану үшін тың амалдар қарастыру мәселесі әңгіме өзегіне айналды. Әлбетте, жоғарыда айтқанымыздай пойыз құрамын жөндеу сапасын жақсарту мен көлікті дұрыс пайдалану қажеттігіне баса мән берілді.
Осы тақырып бойынша сөз алған Марат Шәкенов инфрақұрылым нысандарын цифрландырумен қатар заманауи инновациялық тәсілдерді енгізу теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті анағұрлым жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.
— Темір жол тасымалы нарығында жыл сайын процеске қатысушылар саны артып келеді. Бүгінде алдымызда ортақ стандарттарды, қағидаларды енгізу және процестерді цифрландыру арқылы олардың қызметін жүйелі интеграциялау және үйлестіру міндеті тұр-деді М. Шәкенов

03 желтоқсан, 13:02
Жеткіншектер жеңіспен оралды
03 желтоқсан, 12:56
Даланың баласы, Таудың жиені болып өстім
03 желтоқсан, 12:49
Құсбегілік – табыс көзі емес, ұлттық өнер!
03 желтоқсан, 12:38
Ғаламаттың ғажап күйі
19 қараша, 11:32
Таскөмірдің жыры
19 қараша, 11:29
Көмір. Алыпсатардың араны ашылған кез
12 қараша, 14:19
Вирус не жұғады, не жұқпайды
12 қараша, 14:14
Саны көп субсидияны қысқартпай, іс оңға баспайды