jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ақылы жолдарда қалай тегін жүруге болады? (Видео)

25 қараша, 11:16
228

Ақылы жолдарда қалай тегін жүруге болады? Бұл сұраққа бүгін «Қазавтожолдың» басшылығы жауап берді. Ақылы жол учаскелерінің сапасы тым нашар немесе сол аумақта жөндеу жұмысы жүріп жатса, жүргізуші ақша төлемеуге құқылы. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қазір елімізде төрт бағытта 682 шақырым ақылы жол бар. Ал 2025 жылға дейін ақша төлеп жүретін жолдың ұзындығы 11 мың шақырымға жеткізіледі. Шенеуніктің сөзінше, кімде-кім тақтайдай тегіс асфальтпен жүргісі келсе, төлеуі керек. «Қазавтожол» басшысының айтуынша, бұл шет мемлекеттерде сәтті жүзеге асырылған тәжірибе. Шенді тіпті бізде баға көрші Ресей мен Беларусьпен салыстырғанда әлдеқайда арзан деп мақтанды. Қазір жол ақысы жеңіл автокөліктерге шақырымына 1 теңге, қоғамдық және жүк көліктеріне жүк салмағына қарай 5-25 теңге аралығында. Ал осындай аймақта тұратын азаматтар 1000 теңге төлеп жылдық абонемент ала алады. Бұдан түсетін қаржының барлығы біздің қалтамызға емес, жолды жақсартуға жұмсалады деп ақталды шенеунік.

Асқар Мұратұлы, «ҚазАвтоЖол» ҰК Басқарма төрағасы:

— Сол ақшалардың бәрі түбегейлі сол жолдарды күтіп ұстауға,соларға керекті материалдарды алуға, жолды күтіп ұстау бойында еңбек етіп жатқан азаматтарға төленетін қаражат. Ол қаражаттан бізге қандай да бір бонус, басқа да үстемақы төлену көзделмеген.

03 желтоқсан, 13:02
Жеткіншектер жеңіспен оралды
03 желтоқсан, 12:56
Даланың баласы, Таудың жиені болып өстім
03 желтоқсан, 12:49
Құсбегілік – табыс көзі емес, ұлттық өнер!
03 желтоқсан, 12:38
Ғаламаттың ғажап күйі
19 қараша, 11:32
Таскөмірдің жыры
19 қараша, 11:29
Көмір. Алыпсатардың араны ашылған кез
12 қараша, 14:19
Вирус не жұғады, не жұқпайды
12 қараша, 14:14
Саны көп субсидияны қысқартпай, іс оңға баспайды