jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қазақстанда тұрғындар саны 10-ға жетпейтін 45 ауыл бар

13 қазан, 13:09
1

Қазақстанда тұрғындар саны 10-ға жетпейтін 45 ауыл бар

Қазақстанда тұрғындарының саны 10-ға жетпейтін 45 ауыл бар. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ел бойынша барлығы 6 316 ауыл бар. Оның ішінде халық саны 50 адамнан кем – 348 ауыл (10,1 мың адам) және 10 адамнан кем – 45 ауыл (253 адам) бар. Оның ішінде 3 991 ауыл орталық сумен қамтылған, 403 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған. Ауызсумен қамтылмаған 1 922 ауылдың 793-інде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерін салу жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр», — деді комитет басшысының орынбасары. Оның мәліметі бойынша, тұрғын саны 200-ге жетпейтін ауылдарға кешенді блок-модульдер орнатылмақ. «Қаражатты тиімді пайдалану үшін халық саны 200-ден кем 1 129 ұсақ ауылда кешенді блок-модульдер орнатылады. Кешенді блок-модульдердің бағасы, орнату және пайдалану жолдары жеңіл. Қажет болған жағдайда ауылдан ауылға тасымалдау мүмкіндігі бар. Биыл жергілікті атқарушы органдардың жедел ақпаратына сәйкес 368 ауылды қамту жоспарлануда. Оның ішінде 148 ауылда орталық сумен жабдықтау және 220 ауылда жергілікті бюджет қаражаты есебінен кешенді блок-модульдер орнату жоспарлануда», — деді Бейбіт Шаханов.

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі