jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Атырау облысында ақша «жеген» экс-шенді әйел сотталды

13 қазан, 15:06
0

Сот

Атырау облысы Білім басқармасы басшысының экс-орынбасары бюджет қаржысын жымқырды деп танылды.

«Мой город» басылымы атап өткендей, 2015 жылдан 2020 жылға дейін өз қызметтік жағдайын пайдалана отырып, өзінің сыбайласымен бірге Толғанай Көлбаевамен 111 миллион теңге бюджет қаржысын иеленген.

Бұл ақшаның 54 миллион теңгесін Көлбаева алып, қалған ақша оның сыбайласына бұйырды. Олар өздеріне заңсыз жалақы аудару арқылы қылмыс жасаған. Көлбаева ақшаны банк картасына, сондай-ақ анасының картасына аударған, делінеді іс құжаттарында.
Сот отырысы кезінде экс-шенеунік өз кінәсін мойындап, өкініш білдірді.

Ол тергеу істері кезінде белсенділік танытып, жымқырылған қаражатты толығымен қайтарды.

Сот үкім шығарар кезде әйелдің кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескерді.

Әйел кінәлі деп танылып, орташа қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде жеті жылын өткеретін болды. Сонымен қатар, оған мемлекеттік қызметте қызмет етуге өмір бойына тыйым салынды. Алайда сотталған әйелдің жас балалары бар болғандықтан, сот үкімді орындау мерзімін бес жылға кейін шегере тұру туралы шешім қабылдады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ, оған қарсы шағымдануға болады.

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі