jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Нұр-Сұлтанда жалған екпе құжатын жасаған медқызметкерлер ұсталды

17 қыркүйек, 13:36
17

Нұр-Сұлтанда жалған екпе құжатын жасаған медқызметкерлер ұсталды

Нұр-Сұлтанда жасанды екпе төлқұжатын жасағаны үшін үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Елорда полициясының хабарлауынша, олар 38 және 40 жастағы екі медициналық қызметкер, сондай-ақ күдіктілердің бірінің 44 жастағы жұбайы болып шықты.

Соңғы үш айда медицина қызметкерлері іс жүзінде екпе салмай ақ екпе төлқұжаттарын дайындап, ол үшін ақшалай сыйақы алып отырған. Медицина қызметкерлері «Иықтан қиыс кетсін» дейтіндердің ішінде тек таныстарының ұсынысымен келіп, алдын ала сыйақысы түсірген жандарды ғана қабылдаған.

Айыпталушы жұбайының жұмысы клиенттерді табу, кеңес беру және қызметтер үшін ақы алу болған. Емдеу мекемесіне хабарласқан кезде адамдар «жалған екпе төлқұжатын» алу үшін құпия сөзді айтса болғаны, — деп хабарлады полициядағылар.
Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы. «Жалған құжаттарды жасау, өткізу немесе сату» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұл баптың санкциясы 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Тінту кезінде медициналық карталар мен ұялы телефондар тәркіленді. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды. Медицина қызметкерлері өз кінәсын мойындады. Жалған екпе төлқұжаттарын алу үшін оларға жүгінгендердің саны анықталуда, дейді баспасөз қызметі.

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі