jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Кіші Талдыкөлді құрғап кетуден сақтайық!

17 қыркүйек, 12:50
33

Кіші Талдыкөлді құрғап кетуден сақтайық!

Елорда маңындағы Кіші Талдыкөлдің жағдайы мәз емес. Соңғы бір жыл ішінде бұл мәселе жиі қозғала бастады. Экобелсенділер мен суретшілер, актерлер оның жағасында құрылыс салынатынына наразылық білдіріп, бірнеше рет акция ұйымдастырды. Тіпті блогерлер мен экологтар: «Қараңызшы, тіпті құстар да Талдыкөлді толтыруға қарсы!», — деп жеңіске жетуден дәмеленген.

Алайда, қазір ол аумақтағы экологиялық ахуалдың оңып тұрғаны шамалы. Осы орайда, «Байтақ Болашақ» РҚБ президенті Азаматхан Әміртай «Жасыл квартал» тұрғын үй кешенінің іргетасы қаланған кезде, Кіші Талдыкөлді дамытуға қарсы митинг өткізу керек еді деп пікір білдірді. Ол қазіргі кезде Кіші Талдыкөл маңызда құрылыс жұмыстарының жүруіне қарсылық білдіруге құстар да, белсенділер де кеш қалды деп отыр.

«Өз басым бірнеше жыл бұрын «Зеленый квартал» тұрғын үй кешені салынып жатқан кезде, содан кейін Dream дүкені жақын жерде болғанда Е-22 жолын төсеу кезінде Кіші Талдыкөлді қайта толтыру мәселесін көтерген жалғыз адаммын. Кіші Талдыкөл су қоймалары негізінен еріген сумен қоректенеді. Олардың бір өзен саласы болған. Кейін ол құрылыс басталғандықтан жойылды. Өкінішке орай, сол кезде менің үніме ешкім құлақ аспады. Ешкім қолдаған да жоқ», – деді ол.

Эколог содан бері сулы-батпақды аумақтың өлуі басталғанына сенімді. Мысалы, өткен жылы Кіші талдыкөлдің тереңдігі – 70 сантиметр болса, қазір оның тереңдігі 20-ге ғана боп қалған көрінеді. Оның табиғи кеуіп кетуіне небәрі 1-2 жыл жеткілікті екен. Содан кейін оны құрылыс бастайтын кез келген тұлға аз ақшаға сатып ала салады.

Кіші Талдыкөлді құрғап кетуден сақтау үшін, ол ең алдымен әлгі аумақтың суын тазарту қажет. Онда канализация қалдықтары бар. Оның түбін тереңдегіп, айналасына саябақ отырғызу керек. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруға шамамен 5 млрд қажет деп есептейді. Ал әкімдік құрылыс салушылармен келісімге келген. Бұл шығындарды бірге қабылдайтын 5 компания бар. Алайда мен үшін бұл адамдардың ұстанымы түсініксіз. Олар: барлық жұмысты тоқтату керек, көлге кедергі келтіретін нәрсенің бәрін бұзу керек дейді. Сонда «Хан-Шатыр» мен тұрғындардың үйлері де бұзылады емес пе, иә? Олар «біз бәрін тоқтатып, Кіші Талдыкөлдің елді мекен жерлеріне су объектілерінің тізімінен не үшін шығарылғанын анықтауымыз керек» деп айтады. Бірақ бұл келіссөздер жүріп жатқанда, Талдыкөл ғана құрғап кетеді! Сонда бұл жерде ештеңені сақтап қалу мүмкін емес. Сосын ешқандай саябақ салуға мүмкіндік болмайды», – деді А.Әміртай.

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі