jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Антитеза

17 қыркүйек, 14:30
66

Антитеза

Бағдат Мусин, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

«Халық арасында таралып жатқан қауесет EGOV біреуге беріледі және оған қыруар қаражат құйылып жатыр дейді. EGOV-ты ешкімге бермейміз, ол – қазақстандық өнім. Көп адам EGOV-ты бір терезе ретінде ғана түсінеді, бірақ оның қалай жұмыс істеп тұрғанын ешкім білмейді. Оның артында қазір 400 жүйе жұмыс істеп тұр. Оның 50 шақтысы денсаулық сақтау министрлігіне және 40 шақтысы қаржы министрлігіне бағынышты. Солай тиісті органдар бойынша кете береді. Ендігі біздің мақсат – осыған дейін айтылған 400 жүйенің орнына бір ғана платформа құру. Ол біз үшін жаңа деңгейге көтеріліп, заманауи жүйеге өту үшін қажет. Белгілі бір мемлекеттік қызметтің жүйесін ауыстыру үшін 1 айдан 6 айға дейін уақыт кетеді. Дегенмен қазір заман басқа, сәйкесінше, талап та басқаша. Осы орайда заманауи компаниялар айлап емес, бір немесе екі аптаның ішінде жүйені жаңаға ауыстыруға дайын».

Мақсат Раманқұлов,
Мәжіліс депутаты:

«Қазақстанның Ресей Сбербанкімен цифрлық үкімет платформасын құру туралы келісімі қоғамда үлкен дау тудырды.

Баспасөзде жарияланған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің түсіндірмелері жұртшылықты қанағаттандырмайды, керісінше, одан да көп сауал туындатады.
Оның себебі – серверлерді Қазақстанда орналастыруда ғана емес, оларда сақталатын ақпаратқа бөтен тұлғалардың қолжетімділігін шектеудің технологиялық мүмкіндігі бар ма деген мәселе. ХХІ ақпарат ғасырында IT қауіпсіздігі – ел тәуелсіздігінің маңызды факторы деп санаймыз».

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі