jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматылықтарға «арзан» пәтер мен көлік сатқан алаяқтар ұсталды

17 қыркүйек, 15:39
96

Алматылықтарға "арзан" пәтер мен көлік сатқан алаяқтар ұсталды

Алматыда қала тұрғындарына «арзан» пәтер мен көлік ұсынған алаяқтар әшкереленді, деп хабарлайды zakon.kz.

1983 және 1985 жылы туған азаматтар бірнеше ай бойы қымбат автокөліктер мен пәтерлерді қысқа мерзімге жалға алып, оны арзан бағаға қайта сатқаны анықталды, — деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Полицияның айтуынша, алаяқтар сатып алушыларды таныстары арқылы «ауыздан ауызға» тарату әдісімен тауыпты. Олар тауардың толық өтемін алған соң ғана мүліктің құжаттарын береміз деп, клиенттерді алдаған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында күдіктілердің бірлесіп жасаған қылмыстарының жаңа эпизодтары ашылды. Қазіргі уақытта қосымша бес қылмыстық іс дәлелденді. Тергеу амалдары басталып, күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды, — деп толықтырды ПД.
Полиция осы тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, мына телефондарға қоңырау шалуын сұрайды: + 7-708-707-92-02; + 7-705-555-77-63; + 7-775-774-44-41 және + 7-775-106-18-84.

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі