jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қытайдағы жер сілкінісі 3 адамның өмірін қиды, 60 адам жарақат алды

16 қыркүйек, 11:28
5

Қытайдағы жер сілкінісі 3 адамның өмірін қиды, 60 адам жарақат алды

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында болған 6 балдық жер сілкінісінен 3 адам қаза тапты, 60-қа жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚХР сейсмология қызметінің мәліметінше, жерасты дүмпуі бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 04:33-те Сычуань (оңтүстік-батыс Қытай) провинциясындағы Лучжоу қалалық округінің Лусянь уезі аумағында тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі — Лусянь уезінде үш адам қаза тапты, тағы 60 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. 35 үй құлады, 190-ға жуық тұрғын үй қатты зақымдалды. Апат аймағынан 7 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды. Сычуань провинциясының Лусянь уезіне 1 миллионнан астам халқы бар 20-ға жуық елді мекен қарайды.

Сондай-ақ жер сілкінісіне байланысты төтенше жағдай аймағында жолаушы пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Оқиға орнында апатты-құтқару жұмысы жүргізіліп жатыр.

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі