jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қарағандыдағы тамақ саласының ірі кәсіпорнында өндірістік кешенді ауқымды жаңғырту жүргізілді

16 қыркүйек, 13:15
12

    Қарағандыда Қазақстан мен Орталық Азиядағы тамақ өнеркәсібіне арналған май өнімін жетекші өндірушілердің бірі болып табылатын «Eurasian Foods» АҚ кәсіпорнында жабдықты жаңартудың кезекті кезеңі аяқталады. Тек соңғы бес жылдың ішінде Eurasian Foods Corporation холдингінің құрамына кіретін кәсіпорын өз өндірісін жаңартуға 4,7 млрд теңгеден астам инвестиция салды. Кезекті кезең аяқталғаннан кейін «Eurasian Foods» АҚ өндірістік қуатын жылына 70 мың тоннадан астам дайын өнімге дейін арттыра алады, ассортиментін кеңейте алады, өнім сапасын арттыра алады және нәтижесінде – өңірдегі және елдегі ең мықты тамақ индустриясы кәсіпорындарының бірі ретінде өз позициясын күшейте алады.

Қарағандыдағы тамақ саласының ірі кәсіпорнында өндірістік кешенді ауқымды жаңғырту жүргізілді

Жаңғырту нәтижесінде бүгінгі таңда саладағы ең заманауи және жоғары өнімді кәсіпорындардың бірі болып табылатын кәсіпорында шығарылатын өнімнің әлемдік сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жетекші өндірушілердің қосымша жаңа жабдықтары орнатылды. Маргарин дайындау бойынша неміс өндірісінің технологиялық желісі пайдалануға берілді. Осы желіні іске қосудың арқасында өндірілетін өнімдердің функционалдық сипаттамалары жақсарды, сондай-ақ өнімділігі сағатына 11,7 тоннаға дейін артты. Қатпарлы қамырға арналған маргариндерді өлшеп орау бойынша жаңа желі іске қосылды, бұл өндірісті 2 есеге – сағатына 4,8 тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жаңа өлшеп-орау автоматы (Германия) пайдалануға берілді, бұл өлшеп-оралған өнім өндірісін сағатына 6,5 тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Қарағандыдағы тамақ саласының ірі кәсіпорнында өндірістік кешенді ауқымды жаңғырту жүргізілді

Өнімдерді өлшеп-орау, оларды тиеуге буып-түю – персоналдың қатысуынсыз автоматты желілерде жүргізіледі. Еуропалық өндірістің технологиялық жабдықтарының толықтай автоматтандырылған СИП-жуғыштары микробиологиялық тазалықты қамтамасыз етуге көмектеседі. Жылдың соңына дейін жаңа технологиялық қойманы, сондай-ақ барлық өндірістік үй-жайларда тәулік бойы микроклиматты сақтап тұратын ауа баптау жүйесін пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгін «Eurasian Foods» АҚ желісінде ең заманауи әлемдік сапа стандарттарына жауап беретін өнімдердің кең ассортименті ұсынылған. «Eurasian Foods» АҚ өндіретін өнімді отандық кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін өндірушілердің 70%-дан астамы пайдаланады.

Қарағандыдағы тамақ саласының ірі кәсіпорнында өндірістік кешенді ауқымды жаңғырту жүргізілді

Компания өз өнімін әлемнің 11 еліне – Ресей, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Тәжікстан, Түркменстан, Ауғанстан, Монғолияға экспорттайды. Осы жылдың қаңтар-маусымында «3 желания», «Шедевр» және «Золотой стандарт» брендтерінің өнімдерінің экспорты 25%-ға артты.

Кәсіпорынның тарихы 1971 жылы, Қарағандыда өндірістік қуаты 20 мың тонна болатын зауыт пайдалануға берілген кезден бастау алады. 1997 жылдан бастап зауытты қайта құру және өндірісті жаңғырту процесі үздіксіз жүргізілуде.

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі