jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қарағандыда қаржы пирамидасын құрған адам сотталды

16 қыркүйек, 16:07
34

Қарағандыда қаржы пирамидасын құрған адам сотталды

Қарағандыда қала тұрғындары 52 миллион теңгесін салған қаржы пирамидасын құрушыға қатысты үкім шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

34 жастағы ер адам ҚР ҚК-ның 217-бабы «Қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және басқару» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

2019 жылы ер адам мессенджерде чат ашып, онда инвестициялық бағдарлама туралы жалған ақпарат таратқан. Ол пайда алу мақсатында ақшаны белгілі бір биржаға инвестициялауды көздеген.

Күдікті жалған маркетингтік жоспар құрған. Қарағанды облысы полиция департаменті Тергеу басқармасының тергеушілері екі жыл бойы күдіктінің кінәсін дәлелдейтін айғақтар жинады.

«Ер адам туыстары мен достарының банк карталарын қолдана отырып, ақшаны аудару арқылы тұрғындардан ақша ала бастады. 2019 жылдың 27 қазанында Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оны тергеу барысында 67 жәбірленуші анықталды. Оларға келген жалпы шығын — 51 миллион 435 мың теңге. Сот үкім шығарды, оған сәйкес қаржы пирамидасын жасаушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды», — деді Қарағанды ​​облысы ПД басшысы Ерлан Файзуллин.

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі