jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматыда бас дәрігер ірі көлемде айыппұл арқалады

16 қыркүйек, 17:19
12

Алматыда бас дәрігер ірі көлемде айыппұл арқалады

Бостандық аудандық №2 соты соттаған перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері мемлекет кірісіне айыппұл төледі. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылдың маусымында Алматы қаласы Бостандық ауданының No2 аудандық соты Алматы қаласының перинаталдық орталығының бұрынғы бас дәрігеріне қатысты пара алды деген айыппен қылмыстық істі қарады (366-бап, 3-бөлім, 4-тармақ). Сот талқысы кезінде сотталушы кінәсін толық мойындады, істеген ісіне өкінетін білдірді, сонымен қатар процессуалдық келісімге келді, ол бойынша алты ай ішінде айыпталушы 35 еселенген көлемде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сонымен қатар, сот үкімімен ол мемлекеттік қызметте, жергілікті мемлекеттік басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде және оның департаменттерінде, реттеу, бақылау және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қадағалау органында жұмыс істеу құқығынан айырылды, — делінген хабарламада.

Белгіленген сомада қазіргі уақытта ол айыппұлды толық төледі, яғни 27 миллион 300 мың теңгені.

Үкім заңды күшіне енді.

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі