jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ақпарат министрі: Кибербуллинг заң жүзінде тоқтатылуы қажет

16 қыркүйек, 15:51
7

Ақпарат министрі: Кибербуллинг заң жүзінде тоқтатылуы қажет

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева XVII Еуразиялық медиа форумда кибербуллингге қарсы күрес туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Интернеттің белсенді дамуымен бірге әлем кибербуллинг проблемасына да тап болды. Кез келген қудалау сияқты, кибербуллинг те – заң жүзінде тоқтатылуы қажет агрессияның бір түрі. Әрине, министрлік бұл бағытта жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр. Біз әлеуметтік желілердің ішкі ережелерін құрметтейміз. Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін заңға қайшы контент ашық қолжетімдікте болмауы тиіс деп санаймыз. БҰҰ қарарымен қабылданған адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының кіріспесі дәл осы құндылықтардан басталады», — деді министр форумның «Пандемия әлемді қалай өзгертті және жаһандық өмір сүрудің жаңа бағыттарын қалай анықтады?» сессиясында.

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі