jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Өзбекстанда «цех» сөзін латын қарпімен жазуға қатысты дау шықты

15 қыркүйек, 10:47
1

Өзбекстанда "цех" сөзін латын қарпімен жазуға қатысты дау шықты

Өзбекстанда «цех» сөзінің латын қарпімен жазылу нұсқасына қатысты дау шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Podrobno.uz басылымына сілтеме жасап.

Mahalla телеарнасының репортажында кейіпкер «Sex Ustasi» (цех ұстазы) деп таныстырылған.

Қолданушылардың біразы өзбек тілінің әліпбиін өзгертуді ұсынған, олар «Ц» әрпін «TS» деп жазуды немесе «Seh» деп жазуды ұсынады.

Бұл талқылауға қатысты әділет министрінің тілдер жөніндегі кеңесшісі әрі танымал блогер Шахноза Соатова пікір білдіріпті.

«Sex» сөзін айтпасақ, біріншіден, өзбек тіліндегі контекстіде біз ол мүлде басқаша оқылатынын байқаймыз («цех»). Екіншіден, төлқұжаттарымызда «пол» деген мағынадағы осы сөз бар, бірақ ешкім әжуалаған жоқ», — дейді ол.

Оның сөзінше, әліпбиді әлеуметтік желідегі әзіл мен хайптан кейін өзгерту дұрыс емес, оның орнына ғылыми тұрғыдан қарау керек.

10 қыркүйек, 11:16
Жатақхана жетіспейді
03 қыркүйек, 11:49
Мектепке бала сыймайды
03 қыркүйек, 11:44
Қайда сол салынады деген бір емес, бірнеше қойма?
03 қыркүйек, 11:24
Мәжбүрсіз мәртебе
27 тамыз, 12:59
Ережесіз көліктер
27 тамыз, 12:55
Әркім арбасын өзі сүйреуі керек
27 тамыз, 12:52
Заңсыз ымыраның жолын кесу
20 тамыз, 12:28
Ауған түйіні