jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Меркіде саудагерлер әкімдікке қарсы аттандап шықты (Видео)

14 қыркүйек, 22:28
45

Меркіде саудагерлер әкімдікке қарсы аттандап шықты (Видео)

Жамбыл облысында 100 шақты саудагер жолды жауып тастады. Себебі: Меркі ауданының әкімдігі орталықтағы базардың кіреберіс есігін жауып, оны артқы бөлігінен шығаруды ұйғарыпты. Билік өкілдерінің шешіміне саудагерлер қарсы алаңға аттандап шықты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

жүр Алаңға 100-ге жуық адам шықты. Бұлардың бәрі аудан әкімнің шешіміне наразы. Әбден күйінген саудагерлер бірде-бір көлікті өткізбей сап түзеп тұрып алды. Наразы топ атқамінерлер бүйректен сыйрақ шығарды деп отыр. Сауда нысанының алдыңғы есігін тас қылып бекітіп, оны артқы бөлігінен ашуы кәсіпке тұсау салу дейді. Шын мәнісінде бұлай еткен жағдайда біз базардың артқы бөлігінде қалып қойып саудамыз тұралайды деп күйінеді. Ал билік өкілдері бұл қадамға амалсыз барғанын айтады. Базарда санитарлық талаптар өресекел бұзылған, оның үстіне мұнда кептеліс пайда болып, орталықтағы көлік қозғалысы қиындап кеткен. Сондықтан базардың есігін батыс бөлігіне ауыстырып тығырықтан шығуды ұйғарыпты.

Ғазиз Байарыстан, Меркі ауылы округінің әкімі:

Біз бұл туралы 11-қыркүйекте базар басшыларына, саудагерлерге хабар бердік. Базардың ескі қақпасы алынатыны туралы. Басқа бұл жерде базарды жабуы туралы ешқандай әңгіме болған жоқ.

 

10 қыркүйек, 11:16
Жатақхана жетіспейді
03 қыркүйек, 11:49
Мектепке бала сыймайды
03 қыркүйек, 11:44
Қайда сол салынады деген бір емес, бірнеше қойма?
03 қыркүйек, 11:24
Мәжбүрсіз мәртебе
27 тамыз, 12:59
Ережесіз көліктер
27 тамыз, 12:55
Әркім арбасын өзі сүйреуі керек
27 тамыз, 12:52
Заңсыз ымыраның жолын кесу
20 тамыз, 12:28
Ауған түйіні