jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қазақстанның бірнеше өңірінде 3 градусқа дейін үсік жүреді

14 қыркүйек, 16:24
1

Қазақстанның бірнеше өңірінде 3 градусқа дейін үсік жүреді

Қазгидромет 15 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай, оңтүстік-батыстан жел, күші 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 15 қыркүйекте т үнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік сақталады. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Күндіз 15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

10 қыркүйек, 11:16
Жатақхана жетіспейді
03 қыркүйек, 11:49
Мектепке бала сыймайды
03 қыркүйек, 11:44
Қайда сол салынады деген бір емес, бірнеше қойма?
03 қыркүйек, 11:24
Мәжбүрсіз мәртебе
27 тамыз, 12:59
Ережесіз көліктер
27 тамыз, 12:55
Әркім арбасын өзі сүйреуі керек
27 тамыз, 12:52
Заңсыз ымыраның жолын кесу
20 тамыз, 12:28
Ауған түйіні