jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Биыл көмір бағасы қанша болады?

14 қыркүйек, 12:19
11

Биыл көмір бағасы қанша болады?

Елімізде көмір бағасы өңірлерге байланысты тоннасына 5 мыңнан 19 мың теңгеге дейін ауытқиды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

«Көмір бағасы нарықтық қатынаста қалыптасатынын және мемлекет тарапынан реттелмейтінін айта кету қажет. Әкімдіктердің ақпараты бойынша өңірлердегі көмірдің құны тоннасына 5 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін өзгереді. Бұл ең алдымен көмірдің маркасына, өндіру шығындары мен жеткізу қашықтығына байланысты», — деді министр.

Оның атап өтуінше, алдағы жылыту маусымында коммуналдық-тұрмыстық және тұрғындар үшін қажетті көмір көлемі шамамен 9,2 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға — 2,8 млн тонна, халыққа 6,4 млн тонна көмір қажет.

ҚазАқпарат

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі