jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматы полициясы кесілген 300 ағашқа қатысты қылмыстық іс қозғады

14 қыркүйек, 12:02
11

Алматы полициясы кесілген 300 ағашқа қатысты қылмыстық іс қозғады

Алматының Медеу ауданындағы Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі 300 ағашты кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы қалалық Полиция департаменті бұл факт ҚР Қылмыстық кодекстің 340-бабы 1-бөлігі (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Тиісті сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Тергеуді Медеу аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр», — деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі. Бұған дейін, алматылықтар 300 түп ағаштың заңсыз кесілгенін айтып шағымданған болатын. Ағаштардың тұқымы мен түрлері әлі ресми анықталған жоқ. Ботаникалық бақ зертханалық зерттеу нәтижесін 3-5 күн ішінде ұсынады. Қазіргі болжам бойынша Қазақстанның Қызыл кітабына енген сиверс алма ағаштары кесілген.

10 қыркүйек, 11:16
Жатақхана жетіспейді
03 қыркүйек, 11:49
Мектепке бала сыймайды
03 қыркүйек, 11:44
Қайда сол салынады деген бір емес, бірнеше қойма?
03 қыркүйек, 11:24
Мәжбүрсіз мәртебе
27 тамыз, 12:59
Ережесіз көліктер
27 тамыз, 12:55
Әркім арбасын өзі сүйреуі керек
27 тамыз, 12:52
Заңсыз ымыраның жолын кесу
20 тамыз, 12:28
Ауған түйіні