jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Көршілер арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды (Видео)

13 қыркүйек, 20:50
1481

Көршілер арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды (Видео)

Кіжіл өлімге әкеліп соққан. Қостанайлық тәртіп сақшылары Лисаковскте болған атыстың мән-жайын айтты. Өткен сенбіде екі көршісін атқан зейнеткердің мұндай қылмысқа баруына араздық себеп болыпты. Жөндеу жұмысының шуынан мезі болған күдікті көрші әйел мен қызына қару кезенген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Біреуі оқиға орнында жан тапсырса, екіншісі ауруханада жатыр. Ал ашулы зейнеткер мұнымен де тоқтамай, оқиға орнына жеткен полицейлерге де оқ жаудырыпты. Оқ біреуінің қолына тиген. Ақыры келісімге көнбеген қарияға сақшылар қарсы оқ атқан. Ішіне екі оқ тиген зейнеткер ауруханаға жеткенде жан тапсырды. Сөйтсе бұрыннан араз көршілердің арасы пәтердегі жөндеуден кейін тіпті ушығыпты. Құрылысшылардың шуына ескерту жасалып, соңы үлкен айқайға ұласса керек. Нақты себебін енді мамандар психитриялық сараптамадан кейін айтуы тиіс.

Артем Ткаченко, Қостанай облысы ПД Тергеу бөлімінің басшысы:

Екі көршінің арасындағы араздықтың арты осылай аяқталды. Екеуінің есігі қатар тұр. Бірі ашқанда, екіншісінің шығуына қиындық туғызған. Сол күні жәбірленуші анасы мен қызы терезе орнатып жатқан. Сол есіктен кіріп-шығуына кедергі туған соң осындай жанжал болды.

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі