jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Атырауда 11 млн теңге жымқырған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

13 қыркүйек, 15:10
28

Атырауда 11 млн теңге жымқырған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Атырауда төлем жүйесіне заңсыз кіру арқылы ЖШС-лердің бірінен 11 миллион 170 мың теңгені жымқырған 6 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды azh.kz.

«Күдіктілердің бұрын осы ЖШС-де жұмыс істегені анықталды, олардың біреуі ұсталғанға дейін сол жерде жұмыс істеп, сыбайластарына төлем жүйесіне кіру үшін құпия сөздер ұсынып отырған. Тінту кезінде оның үйінен 6 төлем терминалы мен қосымша перифериялық құрылғылар табылып, тәркіленді», — деп хабарлайды Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-тармағының 1- және 3-тармақшалары («Аса ірі мөлшерде қылмыстық топ жасаған ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеуде жүргендер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі