jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматыда мүгедек ананың қызын мектепке қабылдамай қойған

13 қыркүйек, 13:48
226

Алматыда мүгедек ананың қызын мектепке қабылдамай қойған

Алматыда мүгедек ананың қызын үйінің жанындағы мектеп қабылдамай қойған. Оқушы атануды армандап жүрген Сафия Тасболатова биыл екінші сыныпта оқуы тиіс еді. Бірақ ол әлі бірінші сыныптың табалдырғын аттай алмай келеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Үйіндегі әлеуметтік мәселеге байланысты қатарынан қалып қойған қызды №201 мектептің директоры қабылдамай қойған. Мектеп әкімшілігі қыздың ата-анасына оқушы саны толық болғандықтан қабылдай алмайтындығын айтқан. Ал үйдің іргесіндегі білім ордасынан басқа жаққа баланы тасу мүгедек ана үшін қиын.

«Оқу басталғалы екі апта болды, ал менің қызым үйде. Тамыз айының соңына қарай электронды порталға тапсырыс бердік. Бірақ олар әлі күнге дейін қабылдамады. Оқушы саны толық деп айтты. Көрші тұратын үйден үш бала басқа мектепке ауысып кетті, ата-аналары балаларын жұмыстың жанындағы мектепке ауыстырды, яғни орын босады. Сонда да қабылдамай жатыр. 7 жылдан бері осында тұрамыз. Үйдің қасында мектептің болғанына қарамастан екі үлкен баламды әйелім сау кезде алыстағы Зерделі шағын ауданына автобуспен апарып оқытты. Былтырдан бері денсаулығы болмай, ақыры мүгедек болып қалды. Қызымды басқа жаққа тасуға мүкіндігі жоқ. Мен «дальнобойщикпін», апталап үйде болмаймын», — деді қыздың әкесі Ербол Жазықбеков.

Ата-ананың айтуынша, бала былтыр мектепке бару тиіс еді. Алайда, шешесі қатты сырқаттанып, ақыры 3-топтағы мүгедек болып қалған. Денсаулықты емдету мәселесімен жүріп, қызын бірінші сыныпқа беруге мүмкіндігі болмаған. Оқу жасына жеткен баланың бар екенін мектеп те, білім бөліміндегілер де елемеген.

«Мектеп басшылары қызымды қабылдамаймыз деді. Басқа мектепке барыңдар деді. Бала санының толып кеткенін айтты. Кітап алған жоқ, киім-кешек, дәптер, қалам бәрін алып қойдық», — деді 3-топтағы мүгедек Самал Әжібекова.

Үш баланың анасы Самалдың қос құлағы былтырдан бері мүлем естімейді. Көлігі көп көшеде кішкентай қызды алыстағы шағын аудандарға апарып-әкелу қиын. №201 мектеп Алтатау ауданына қарасты Нұркент шағын ауданында орналасқан. 600 оқушыға арналған мектепте 1500 бала оқып жатыр. Биыл мектеп табалдырығын алғаш аттағандардың өзі бес сынып болған. Әр сыныпта қырық оқушыдан отырады. Білім ордасының басшылары кабинет таппай әлек.

«Біз бұл бала туралы бұрын білмедік, №42 үйде тура мектептің іргесінде тұрады екен. Бүгін бір қызметкерді үйіне жібереміз, әлеуметтік педагог баланың құжаттарын жинап әкеледі. Оқушы саны көп болғандықтан қабылдамадық. Әр сыныпта қырық оқушы, санитарлық талапқа сай келмесе де оқып жатыр. Бір күн офлайн, бір күн онлайнға көшеміз. Бірінші сынып бойынша бала саны көбейгендіктен кішкентай кабиентті ыңғайлап, бесінші сыныпты ашып жатырмыз. Сафия Тасболат ертеңнен бастап партада отырады, қабылдаймыз. Анасының жағдайын да білеміз, барлық мәселені мектеп директоры Арайлым Шамоваға жеткізем, ол қазір жиналыста», — деді №201 орта мектептің іс қағаздарына жауапты маман Диляра Есенова.

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі