jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жатақхана жетіспейді

10 қыркүйек, 11:16
54

Жатақхана жетіспейді

«Еліміздегі жастардың басым бөлігін студенттер құрайды. Мемлекет басшысының бастамасымен бөлініп жатқан гранттардың саны, сондай-ақ тегін техникалық білім берудің едәуір көбеюі жылдан-жылға студенттердің өсуіне алып келуде. Дегенмен сол жас студент үшін жатақхана мәселесі шешімін табар емес.

Cтуденттің сапалы білім алуы үшін, оның жатақханамен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Елімізде 1,1 миллионнан астам студент білім алады. Оның тек 16 пайызы ғана (174 мың) жатақханамен қамтамасыз етілген. Қазірдің өзінде жатақхана жетіспеушілігі 80 мың орынды құрап отыр. Бұл мәселені уақытында шешу үшін Елбасы 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырған. Бірақ аймақтарға келетін болсақ, бастама әркелкі жүзеге асуда. Әсіресе, cтуденттер жатақханасының ең үлкен жетіспеушілігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына тиесілі.

Алматы қаласында 170 мыңға жуық (38 университет, ЖОО) студент білім алса, оның тек 31 мыңы ғана жатақханамен қамтылған. Дәл қазірдің өзінде Алматы қаласы бойынша жатақхана жетіспеушілігі 35 мың орынды құрап отыр. Жоғарыда берілген тапсырмаға сәйкес, Алматыда 2022 жылдың соңына дейін университеттерде 16 мың орындық 38 жатақхана құрылысы аяқталуы қажет. Бірақ соңғы үш жылдың өзінде 1600 орынға жуық тек 6 студенттік жатақхана бой көтерді. «Жоғарыда көтерілген мәселелерге байланысты, Үкімет тарапынан жатақхана салу бойынша сұрақтарды жүйелі түрде шешуді ұсынамыз.

Біріншіден, студенттік жатақханаларды аса маңызды әлеуметтік нысан ретінде қарастырып, әкімдіктер тарапынан жерді бөлу, сондай-ақ құрылысты бастау үшін қажетті құжаттарды реттеу бойынша жұмыстарды бюрократизмге айналдырмай шешу жолдарын қарастыруды сұраймыз. Екіншіден, еліміз бойынша ең көп университеттер орналасқан Алматы қаласында сейсмикалық талаптарға сай 9-10 қабатты жатақханалар салу мәселесін қарастыру керек.

Үшіншіден, еліміздің ең ірі педагогикалық университетінің жатақхана салуға арналған тиісті жер мәселесін шешу керек. Төртіншіден, студенттік жатақханалардың заманға сай жабдықталуы мен олардың кезекті жөндеу жұмыстарын уақытында іске асыруды қолға алуды сұраймыз».

Мәжіліс депутаты
Елнұр Бейсенбаевтың
(Депутаттық сауалынан)

01 қазан, 14:49
Қартайғанда көңіл қосқан
01 қазан, 11:55
Қара жолдың бойында...
01 қазан, 11:51
Жұмабек Өмірзақов: Бізді жарға жығатын – жершілдік
01 қазан, 11:41
Дау неге жиі тұтанды?
01 қазан, 11:36
Спорт кешендері қаңырап тұр
01 қазан, 11:33
Семей қашан қала болды?
24 қыркүйек, 13:27
Кибербуллингке тосқауыл
24 қыркүйек, 11:57
Кеселдің кесірі