jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Шымкентте кәсіпкерді аса қатыгездікпен өлтірген жігіт сотталды

03 тамыз, 17:09
12

Сот

Шымкентте кәсіпкердің басын балтамен шауып өлтірген жігіт 20 жылға сотталды. Ол жәбірленушіні тірідей өртеп жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айыпталушы жазасын өтеу мерзімінің көп бөлігін қауіпсіздігі қатаңдатылған түзеу мекемесінде өтейді. Сот үкімі оқылған кезде күдікті көз жасына ерік берді. Тіпті сот үкімімен келіспейтінін жеткізді. Айта кетейік, жантүршігерлік қылмыс наурыз айында болған еді. 30 жастағы сотталушы өзі өлтірген кәсіпкерге бизнес үшін жалған құжаттар жасап, жер сатпақ болған. Алайда былықтың беті ашылған кезде екеуінің арасында жанжал туындайды. Сол кезде ол үйіне келген бизнесменді балтамен шауып, бірнеше рет соққы жасаған. Кейін жәбірленушінің көлігін алып, қанға малынған денені ешкім жоқ жерге жағып жіберген. Көліктегі 500 мың теңгесін де қолды етіпті. Тергеу барысында қылмысы толығымен дәлелін тапқан. «Тергеу кезінде айыпталушы жәбірленушіні қалай өлтіргенін, іс әрекетін қалай жасағанын бәрін көрсетіп берді. Кәсіпкердің ол кезде тірі болғанын, машинада отырған кезде қырдың басына апарып қойып, кейін барып жағып жібергенін бәрін өзі айтып отыр. Сондықтан оны аса қатыгездікпен әрекет жасады деп, сот оны 99 баптың 5-ші бөлігі 1-ші тармағымен кінәлі деп тапты», — деді істі қараүан судья Самеддин Темірәлиев.

10 қыркүйек, 11:16
Жатақхана жетіспейді
03 қыркүйек, 11:49
Мектепке бала сыймайды
03 қыркүйек, 11:44
Қайда сол салынады деген бір емес, бірнеше қойма?
03 қыркүйек, 11:24
Мәжбүрсіз мәртебе
27 тамыз, 12:59
Ережесіз көліктер
27 тамыз, 12:55
Әркім арбасын өзі сүйреуі керек
27 тамыз, 12:52
Заңсыз ымыраның жолын кесу
20 тамыз, 12:28
Ауған түйіні