jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Тойханаларды полицейлер күзететін болды

02 тамыз, 19:05
1306

Тойханаларды полицейлер күзететін болды

Коронавирустың таралуын болдырмау үшін Түркістан облысының аумағында орналасқан 500-ден астам тойхана ғимаратын полиция қызметкерлері күзететін болады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық отырыста өңірдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды. Аймақ басшысы вакцинация барысы мен мобильді топтардың жұмысына бақылауды күшейтуді тапсырды.

«Әр тойхананың алдына бір полиция қызметкерін қою керек. Бұл аурудың алдын-алудың тиімді әдісі болуы мүмкін. Біз бұл жұмысты сынап көруіміз керек. Коронавирустың таралуына жол бермеу үшін күресті күшейтуді тапсырамын», — деді облыс әкімі.

Карантин режимі талаптарының орындалуын бақылау жөніндегі топтардың мониторингі күшейтілді. Нәтижесінде соңғы аптада 115 тыйым салынған отбасылық, мерекелік іс-шаралар анықталды.

Белгілі болғандай, Түркістан өңірі республикада күн сайын тіркелетін науқастардың саны бойынша төменгі деңгейде. Сонымен қатар, коронавирусқа қарсы вакцинация қарқыны жоғары дәрежеде жүріп жатыр. Бүгінгі таңда барлық 141 егу пунктінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізілуде. 109 пункт термоконтейнерлермен жабдықталған. 80 көшпелі егу бригадасы жұмыс істейді.

Өңірге вакцинаның 610 мыңға жуық дозасы жеткізілді. I компонент шамамен 583 мың адамға немесе 95%-ына егілді. II компонентті шамамен 404 мың адам немесе 77% адам алды. Жыл басынан бері облыс бойынша құрылған 127 мобильді топ 190 мыңнан астам нысанды аралады. 3,5 мыңға жуық хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Қажет болған жағдайда өңірде инфекциялық төсек санын 6 мыңға дейін жеткізу мүмкіндігі бар.

10 қыркүйек, 11:16
Жатақхана жетіспейді
03 қыркүйек, 11:49
Мектепке бала сыймайды
03 қыркүйек, 11:44
Қайда сол салынады деген бір емес, бірнеше қойма?
03 қыркүйек, 11:24
Мәжбүрсіз мәртебе
27 тамыз, 12:59
Ережесіз көліктер
27 тамыз, 12:55
Әркім арбасын өзі сүйреуі керек
27 тамыз, 12:52
Заңсыз ымыраның жолын кесу
20 тамыз, 12:28
Ауған түйіні