jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелер

02 тамыз, 12:36
19

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелер

Қазақстанның тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания») 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелерін жариялайды.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі өндірістік көрсеткіштер:
• Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 11 345 мың тоннамен салыстырғанда 10 738 мың тоннаны құрады;
• Мұнай тасымалдау көлемі 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 37 328 мың тоннамен салыстырғанда 36 949 мың тоннаны құрады;
• Газ тасымалдау 2,7%-ға өсіп, 46 411 млн текше метрді құрады;
• Қазақстандық және румын МӨЗ-де көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі бір жыл бұрынғы 8 290 мың тоннаға қарағанда айтарлықтай өсіп, 9 704 мың тонна құрады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелер

2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелер
Өндірістік көрсеткіштер бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ-ның иелену үлесіне сәйкес және егер өзгеше көрсетілмесе, шоғырландырылған еншілес ұйымдар үшін көрсеткіштердің 100% көрсетілген.

Көмірсутек шикізатын өндіру

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚМГ мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,3%-ға төмендеп, 10 738 мың тонна мұнай (тәулігіне 445 мың баррель) құрады. Ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі 4 079 млн текше метрге дейін 5,6%-ға төмендеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелер

Теңізде мұнай өндіру өткен жылмен салыстырғанда 5,1%-ға қысқарып, 2 707 мың тонна (тәулігіне 119 мың баррель) мұнайды құрады, ал газ өндіру 4,2%-ға артып, 1 505 млн текше метрді құрады. ОПЕК+ келісімі шеңберінде өндіруді шектеу бойынша қабылданған міндеттемелер мұнай өндірудің төмендеуіне елеулі әсер етті.

Қашағанда мұнай өндіру 613 мың тонна (тәулігіне 27 мың баррель) мұнайға дейін 8,9%-ға азайды. Табиғи және ілеспе газды өндіру көлемі 7,9%-ға қысқарып, 374 млн текше метрді құрады. Өткен жылдың осындай кезеңіндегі өндірумен салыстырғанда оның төмендеуі ОПЕК+ келісімі шеңберінде өндіруді шектеу бойынша қабылданған міндеттемелермен байланысты болып отыр.

Қарашығанақта мұнай мен конденсат өндіру 4,1%-ға азайып, 539 мың тонна (тәулігіне 23 мың баррель) құрады. Газ өндіру 1 003 млн текше метрді құрап, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының деңгейінен 3,9%-ға қысқарды. Өндірудің төмендеуі Орынбор газ өңдеу зауытына өңдеуге жіберілетін газды қабылдау бойынша шектеулермен байланысты, сондай-ақ осы жылдың маусым айында қоршаған ортаның температурасы жоғары болуы себебінен газды кері айдау көлемдерінің төмендеуімен байланысты болды.

Операциялық активтердегі мұнай өндіру көлемі 6 878 мың тоннаға дейін (тәулігіне 275 мың баррель) 5,2%-ға және газ өндіру 1 196 млн текше метрге дейін 8,0%-ға төмендеді. Мұнай өндіру көлемінің төмендеуі негізінен ОПЕК+ келісімі шеңберінде өндіруді шектеу бойынша қабылданған міндеттемелермен, сондай-ақ байырғы кен орындарында өндіру деңгейінің табиғи төмендеуімен байланысты.

Мұнай мен газ тасымалдау

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында мұнайды магистральмен және теңіз арқылы тасымалдау көлемі 1,0%-ға 36 949 мың тоннаға дейін төмендеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелер

Магистралды құбырлар арқылы мұнай тасымалдау көлемі 1,8%-ға қысқарып, 31 854 мың тонна құрады. Мұнай тапсырудың жалпы көлемінің төмендеуі жүк жөнелтушілердің ОПЕК+ келісімі шеңберінде мұнай өндіруді шектеу жөніндегі міндеттемелерді орындауымен байланысты. Өз кезегінде, жалпы қысқару ішкі нарықта қажетті өңдеу көлемдерін қамтамасыз ету үшін Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) бағытында мұнай тасымалдау көлемінің ұлғаюымен теңестірілді.

Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында теңіз жолымен мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі әлемде мұнай кеме қатынасы нарығын қалпына келудің арқасында негізінен Қара теңізде тасымалдаудың өсуі есебінен 5 095 мың тоннаға дейін 4,1%-ға өсті.

ҚМГ магистралды газ құбырлары бойынша газ тасымалдау көлемі 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 46 411 млн текше метрге дейін 2,7%-ға ұлғайды. Өсім Түркменстаннан Ресей мен Қытайға транзиттік газ ағындарының өсуімен, сондай-ақ ішкі нарықта, атап айтқанда, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде газ тұтынудың өсуімен байланысты болды. Сонымен қатар Қарашығанақ газын ішкі нарыққа қайта бөлу және Теңізден экспорттық көлемдердің азаюы есебінен Ресейге жөнелтілетін экспорттық көлемдердің төмендеуі байқалады.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелер

Көмірсутек шикізатын сату

ҚМГ-ның өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға азайып,
10 791 мың тонна құрады, оның 64,8%-ы экспортқа шығарылды.

Меншікті өндірілген мұнай мен газ конденсатын ішкі нарыққа жеткізу 3 804 мың тонна құрады, оның ішінде мұнайды одан әрі өңдеу және мұнай өнімдерін сату үшін Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) 2 089 мың тонна көлемінде операциялық активтердің (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз Қазақтүрікмұнай және Өріктау Оперейтинг) шикі мұнайын жеткізу бар.

Тауар газын сату көлемі 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2,9%-ға өсіп, негізінен ішкі нарықта тұтыну көлемінің өсуі есебінен 12 154 млн текше метрді құрады. Тауар газының экспорты 3 550 млн текше метрге жетті, оның 95%-ы Қытайға экспортталды. 2020 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда Ресей мен Қытайға жеткізу көлемдерінің азаюы салдарынан газдың тасымалдануы 16,0%-ке төмендеуі байқалады.

Көмірсутек шикізатын өңдеу

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелер
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеудің жалпы көлемі 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 17,1%-ға ұлғайып, 9 704 мың тоннаны құрады:
• Қазақстандық МӨЗ-де КСШ өңдеу көлемі 12,8%-ға артып, 6 789 мың тонна құрады. Өсім ПМХЗ-да өңдеу көлемінің өсуімен байланысты, онда биылғы күрделі жөндеу жұмыстары жылдың екінші жартыжылдығында жоспарланып отыр. Ал өткен жылы жоспарлы жөндеу сәуір-мамыр айларында жүргізілді. Сонымен қатар ПМХЗ-да 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ішкі нарықта мұнай өнімдеріне қажеттіліктің төмендеуіне байланысты өңдеу көлемі төмен болды;
• Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарындағы өңдеу көлемі 2 915 мың тоннаны құрады, бұл өткен жартыжылдық көрсеткіштерімен салыстырғанда 28,4%-ға көп. Өсім өткен жылдың бірінші жартыжылдығында Петромидияда жүргізілген күрделі жөндеумен, жөндеу кезеңінде зауытты тоқтатумен, сондай-ақ нарықтағы мұнай өнімдеріне сұраныстың төмендеуімен байланысты болды.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық және румын зауыттарында мұнай өнімдерін өндіру көлемі 17,8%-ға артып, 9 007 мың тонна құрады. Бұл пандемия алдындағы деңгейге дейінгі мұнай өнімдеріне сұраныс қалпына келіп жатқанын көрсетеді:
• Қазақстандық МӨЗ-дер 6 181 мың тонна мұнай өнімін өндірді, бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығының көрсеткішінен 14,2%-ға артық;
• KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары 2 825 мың тонна мұнай өнімін өндірді, бұл 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының көрсеткіштерінен 26,6%-ға жоғары. Сондай-ақ өсім өткен жартыжылдықта

 

10 қыркүйек, 11:16
Жатақхана жетіспейді
03 қыркүйек, 11:49
Мектепке бала сыймайды
03 қыркүйек, 11:44
Қайда сол салынады деген бір емес, бірнеше қойма?
03 қыркүйек, 11:24
Мәжбүрсіз мәртебе
27 тамыз, 12:59
Ережесіз көліктер
27 тамыз, 12:55
Әркім арбасын өзі сүйреуі керек
27 тамыз, 12:52
Заңсыз ымыраның жолын кесу
20 тамыз, 12:28
Ауған түйіні