jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Асқар Ақаев Бішкекке келді (Видео)

02 тамыз, 18:30
858

Асқар Ақаев Бішкекке келді (Видео)

Іздеуде жүрген Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке өз еркімен келді, — деп хабарлайды 24.kg.

Экс-премьер Феликс Куловтың айтуынша, Асқар Ақаев Бішкекке «Құмтөр» жобасына қатысты қылмыстық іске байланысты айғақ беруге өзі келген. Ол тергеу мамандарымен жұмыс істеуге дайын.

«Садыр Жапаров жомарттық танытып, бұрынғы президентке келуге мүмкіндік берді. Менің білуімше, Асқар Ақаевты ешкім мәжбүрлеген жоқ, Бішкекке келгеннен кейін ол ҰҚКҰ-ға барды», — деді Кулов.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстаннан қашып кеткен экс-президент Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілгені хабарланған болатын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Almaty/Nur-Sultan🇰🇿 (@24news_kz)

«Ақаев жоғары лауазымды шенеуніктермен бірге 1992 жылы «Құмтөр» жобасы бойынша бас келісім жасасу кезінде, 1994 жылы оған өзгерістер енгізу кезінде, сондай-ақ 2003 жылы «Камеко» компаниясымен бас келісімді қайта құрылымдау кезінде сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тергеу барысында «Құмтөр» жобасын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар барлық кінәлі тұлғаның ісіне құқықтық баға берілді», — делінген ҰҚК хабарламасында.

10 қыркүйек, 11:16
Жатақхана жетіспейді
03 қыркүйек, 11:49
Мектепке бала сыймайды
03 қыркүйек, 11:44
Қайда сол салынады деген бір емес, бірнеше қойма?
03 қыркүйек, 11:24
Мәжбүрсіз мәртебе
27 тамыз, 12:59
Ережесіз көліктер
27 тамыз, 12:55
Әркім арбасын өзі сүйреуі керек
27 тамыз, 12:52
Заңсыз ымыраның жолын кесу
20 тамыз, 12:28
Ауған түйіні