jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматы неліктен коронавирус бойынша «қою қызыл» аймаққа өтті?

02 тамыз, 16:30
34

Алматы неліктен коронавирус бойынша «қою қызыл» аймаққа өтті?

Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес Алматы коронавирус бойынша «қою қызыл» аймаққа өтті.

Ол жайында қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова түсіндіріп берді.

«Неліктен Алматы «қою қызыл» аймаққа кірді? Бұл — ең алдымен алдын алу шарасы. Тәулік сайын тұрғындар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1200-1500-ден астам жағдайы тіркеліп отыр», — деп атап өтті ол.

Ол сондай-ақ қара қызыл аймақты анықтау үшін қандай критерийлер бар екенін түсіндірді.

«Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес жалғыз критерий белгіленді. Ол – инфекциялық стационарлардағы, атап айтқанда КВИ жұқтырған науқастарды емдеуге арналған стационарлардағы төсек-орынның толуы», — деді спикер.

Сондай-ақ, Әсел Қалықова қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханалардағы толып қалған орындардың үлесі 65,6% құрайтынын атап өтті. Барлығы 7 625 орын бөлінді, оның ішінде 7 045 орын толып қалған. Бұған дейін Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин туралы жаңа қаулыға қол қойған болатын.

ҚазАқпарат

10 қыркүйек, 11:16
Жатақхана жетіспейді
03 қыркүйек, 11:49
Мектепке бала сыймайды
03 қыркүйек, 11:44
Қайда сол салынады деген бір емес, бірнеше қойма?
03 қыркүйек, 11:24
Мәжбүрсіз мәртебе
27 тамыз, 12:59
Ережесіз көліктер
27 тамыз, 12:55
Әркім арбасын өзі сүйреуі керек
27 тамыз, 12:52
Заңсыз ымыраның жолын кесу
20 тамыз, 12:28
Ауған түйіні