jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Туған қызын зорлап, жүкті еткен: Түркістан облысында ер адамға сот үкім шығарды

30 шiлде, 11:36
9203

Туған қызын зорлап, жүкті еткен: Түркістан облысында ер адамға сот үкім шығарды

Түркістан облысында Сарыағаш ауданының тұрғыны екі жыл бойы бойы туған қызын зорлап келгені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Еуразия арнасы хабарлады.

Әкесі қызы 14 жасқа келген кезде қорлық көрсетуін бастаған. Кейін оқушы жүкті болып қалады. Әкесі жазадан құтылудың амалын іздеп, ойынан оқиға ойлап табады. Қызын басқа қалаға колледжге оқуға жібереді. Сол жерде жас жігітпен танысып, содан жүкті болып қалған деп айтып жүреді. Жасөспірім шыдамай, барлық оқиғаны тәтесіне айтып берген.

Шошып кеткен туысы дереу бәрін жасөспірімнің анасына жайып салады. Кейіннен әйелдер полицияға шағым түсіреді.

Тергеу жүріп жатқанда жәбірленуші баласын босанады. ДНҚ сараптамасы күдіктінің нәрестенің әкесі екенін анықтап берді. Тіпті бұдан кейін де айыпталушы кінәсін мойындамаған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталған азамат аппеляцияға өтініш берген.

10 қыркүйек, 11:16
Жатақхана жетіспейді
03 қыркүйек, 11:49
Мектепке бала сыймайды
03 қыркүйек, 11:44
Қайда сол салынады деген бір емес, бірнеше қойма?
03 қыркүйек, 11:24
Мәжбүрсіз мәртебе
27 тамыз, 12:59
Ережесіз көліктер
27 тамыз, 12:55
Әркім арбасын өзі сүйреуі керек
27 тамыз, 12:52
Заңсыз ымыраның жолын кесу
20 тамыз, 12:28
Ауған түйіні