jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті тағы 12 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлім етті

22 шiлде, 11:39
2

Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті тағы 12 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлім етті

Бейсенбі күні Токио ойындарының ұйымдастыру комитеті Олимпиада ойындарымен байланысты COVID-19 жұқтырудың 12 жаңа жағдайы турады мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Вирус жұқтырғандардың екеуі – Олимпиада қалашығы аумағында тұратын шетелдік спортшылар. Қазіргі уақытта Токиода Ойындарға қатысы бар 87 адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Токиодағы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті сандарды санауға 1 шілдеде кірісті. Жалпы санаққа Жапонияда Олимпиада алдындағы жиындардан өткен спортшылар кірмейді. Ашылу салтанаты жұма күні кешке Токиода COVID-19 шектеулеріне байланысты жанкүйерлерсіз өтеді.

09 шiлде, 12:00
Қиналғанда қасыңда тіреу болған ағайын
02 шiлде, 11:43
Бір мая шөп – көпке үлгі
02 шiлде, 11:31
Екпе алудың пайдасын халыққа сауатты түрде түсіндіру қажет
02 шiлде, 11:27
Журналист мәртебесін көтереміз!
25 маусым, 12:34
Бесігімізді түзеуде неден сүріндік?
25 маусым, 12:32
Руға тартсақ, ескерткіш те, саябақ та болмайды
25 маусым, 12:27
Жер асты суын пайдалан, жұтамайсың
25 маусым, 12:24
Жаздың жұты жанға батады