jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қытайда су тасқынынан зардап шеккендер саны артты (Видео)

22 шiлде, 11:36
0

Қытайда су тасқынынан зардап шеккендер саны артты (Видео)

Қытайдың Хэнань провинциясында нөсер салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 33 адамға жетті, тағы сегізі хабар-ошарсыз кеткен. Бұл дерек жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында көрсетілген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұған дейін 25 адам қаза тапқаны және жеті адам хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарланған болатын.

Ведомство мәліметі бойынша, 16 шілдеден бастап провинция бойынша табиғи апат салдарынан 33 адам қаза болған, сегіз адам хабар-ошарсыз кеткендер санатында.

Провинция бойынша 103 ауданда үш миллионнан аса адам апат аймағында, қауіпті аудандардан 375 мың адам шұғыл эвакуацияланды, тағы 256 мың адам көшірілді, делінген хабарламада. Апаттан зардап шеккен ауылшаруашылық жерлерінің ауданы — 215 мың гектар, тікелей экономикалық шығын 1,22 миллиард юаньға бағаланған.

17 шілдеде Қытайдың орталық бөлігіндегі Хэнань провинциясына нөсер жаңбыр жауды. Салдарынан Чжэнчжоу қаласы ең көп зардап шекті. Қаланың кейбір метеостанцияларында жауын-шашынның орташа тәуліктік мөлшері бойынша рекорд тіркелді.

20 шілдеде кешке Чэнчжоу метросының бесінші бағыты суға толып кетті. Салдарынан пойыздардың қозғалысы тоқтатылып, жолаушылар вагондарда қалып қойды. 500 адам эвакуацияланды, 12 адам қайтыс болды және бесеуі жарақат алған.

09 шiлде, 12:00
Қиналғанда қасыңда тіреу болған ағайын
02 шiлде, 11:43
Бір мая шөп – көпке үлгі
02 шiлде, 11:31
Екпе алудың пайдасын халыққа сауатты түрде түсіндіру қажет
02 шiлде, 11:27
Журналист мәртебесін көтереміз!
25 маусым, 12:34
Бесігімізді түзеуде неден сүріндік?
25 маусым, 12:32
Руға тартсақ, ескерткіш те, саябақ та болмайды
25 маусым, 12:27
Жер асты суын пайдалан, жұтамайсың
25 маусым, 12:24
Жаздың жұты жанға батады