jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

БҚО-да кішкентай бала байқаусызда өзін атып өлтірді

22 шiлде, 10:56
0

БҚО-да кішкентай бала байқаусызда өзін атып өлтірді

Батыс Қазақстан облысында 11 жасар бала өз үйінде өлі табылды деп жазады Tengrinews.kz. Оның жанынан карабин мылтығы табылған.

Оқиға Бөкей орда ауданына қарасты Бисен ауылына жақын маңда болған. Жедел жәрдем станциясына шақырту 16 шілдеде сағат 12:30 шамасында келіп түскен.

Облыстық Полиция департаменті аталған жайтқа байланысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартқан, прокуратура тыйым салған көрінеді. Ал, облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар баланың өзін байқамай атып алғанын айтқан.

«2009 жылы туған бала үйде жалғыз болған. Оқиға болған сәтте үйде ата-анасы болмаған. Бала байқаусызда өзінің мойын тұсынан атып жіберген. Ол сол жерде жедел жәрдем бригадасы келмей жатып қайтыс болды», — деді Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Бұл ақпаратты Бөкей орда аудандық әкімдігі де растады. Олар баланың толыққанды отбасында тәрбиеленгенін, үйде ешқандай проблема болмағанын айтты.

09 шiлде, 12:00
Қиналғанда қасыңда тіреу болған ағайын
02 шiлде, 11:43
Бір мая шөп – көпке үлгі
02 шiлде, 11:31
Екпе алудың пайдасын халыққа сауатты түрде түсіндіру қажет
02 шiлде, 11:27
Журналист мәртебесін көтереміз!
25 маусым, 12:34
Бесігімізді түзеуде неден сүріндік?
25 маусым, 12:32
Руға тартсақ, ескерткіш те, саябақ та болмайды
25 маусым, 12:27
Жер асты суын пайдалан, жұтамайсың
25 маусым, 12:24
Жаздың жұты жанға батады